Басты бет / Соңғы жаңалықтар / ҚАЗАҚСТАН ӨЗ ТОБЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТПЕГЕН ЖАЛҒЫЗ КОМАНДА

ҚАЗАҚСТАН ӨЗ ТОБЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТПЕГЕН ЖАЛҒЫЗ КОМАНДА

Картинки по запросу Черногория польша

Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің 5-туры аяқталды. «Е» тобында сынға түсетін Румыния мен Дания және Черногория мен Польша арасындағы кездесулер аяқталды.

Румыния — Дания — 0:0

Румыния мен Дания арасындағы кездесуде есеп ашылмады. Дегемен ойын барысында алаң иелері басымдылыққа ие болып, қауіпті сәттерді көп жасаған. Алайда Дания қорғанысы сыр бермеді.

Черногория — Польша — 1:2 (0:1)
Голдар: Мугоша, 63 — Левандовский, 40. Пищек, 82

Черногория мен Польша жанкүйер қауымға тартысты кездесу ұсынды. Бірінші таймның соңында Польша капитаны Роберт Левандовский гол соғып, қонақтарға психологиялық тұрғыда басымдылық алып келген. Алайда Черногория екінші таймда қарқынын үдетіп, Мугошаның көмегімен есепті теңестіріп кетті. Дегенмен, матчтың нүктесін Лукаш Пишек қойды.

  • Румыния осы іріктеу кезеңінде өз алаңында әлі де болса жеңіске жете алмады (2- тең ойын, 1-жеңіліс)
  • Дания осы іріктеу кезеңінде алғаш рет сырт алаңда ұпай алды (Румыния 0-0 Дания)
  • Польша осы іріктеу кезеңінде Қазақстанмен ғана ұпай бөлісті (4-жеңіс, 1-тең ойын)
  • «Е» тобында Армения мен Қазақстан ғана сырт алаңда ұпай алмады.
  • Қазақстан «Е» тобында жеңіске жетпеген жалғыз команда.

«Е» тобындағы турнирлік кесте:

154/1/012-613 ұпай
252/1/210-67
352/1/27-57
451/3/16-46
552/0/36-106
650/2/33-132

6-тур матчтары:

Польша — Румыния
Қазақстан — Дания
Черногория — Армения

Ұлттық құрамалар енді маусымға дейін демалыс алады. Келесі турдың матчтары 10 маусым күні өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы бұл турда Арманияға конаққа барып, 2-0 есебімен жеңіліп қалған еді.

Сондай-ақ

МИЛАД КАРИМИ СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКАДАН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Катар астанасы Доха қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі мәресіне жетті. Бұл сында жасөспірімдер арасынан …