Басты бет / Бокс / ЕЛХАТ НЫҒМЕТОЛЛАНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

ЕЛХАТ НЫҒМЕТОЛЛАНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

 

Елхат Нығметолла Қытайда бокс кешінің басты жекпе-жегінде шығып қарсыласын айқын ұтты.

Жеңіліп көрмеген қазақтың рингтегі қарсыласы 24 жасар филипппиндік Жаяр Эштремош (11-12-0, 4KO).

26 ақпанда Қытайдың Дели стадионында бокс кеші өтті. Бұл кештің басты жекпе-жегінде қытайлық қандасымыз Елхат «Қазақ жауынгері» Нығметолла филиппиндік боксшымен жұдырықтасты. Жеңілірек салмақта (118 фунт — 53,5 келі) өткен кездесу, 6 раундқа жоспарланған болатын. Кездесу белгіленген 6 раундқа созылып, 6 раундтың қорытындысы бойынша 60:54 60:54 59:55 есебімен Елхат жеңіске жетті.

Осы кеште Елхаттың қарсыласы таиландтық Анукул Промкамсав (14-9-0, 6КО) болуы керек болатын, бірақ қарсыласы жарақат алған.

Елхат Нығметолла белгілі боксшы Қанат Исламның жерлесі болып келеді. Қос спортшы да Алтайда дүниеге келген.

Сондай-ақ

СУПЕРКУБОК ТАРИХЫ

Үш күннен соң қайта ел футболымен сусындаймыз. Алматының Орталық стадионында «Қайрат» пен «Астана» футбол клубтары …