Басты бет / Басқа түрлер / ЖАНСАЯ ӘБДІМӘЛІК НОРВЕГИЯ ЕЛІНДЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ЖАНСАЯ ӘБДІМӘЛІК НОРВЕГИЯ ЕЛІНДЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

 

Норвегияның Олсо қаласында шахматтан «Oslo Chess Festival 2016» турнирі мәресіне жетті. Халықаралық гроссмейстерлердің додасында отандасымыз Жансая Әбдімәлік үшінші орын алды,- деп жазады dodasport.kz

Осло турнирінде ерлер мен әйелдер қарама-қарсы ойнады. Сайысқа 150 спортшы қатысты, оның көбі ерлер. Жансая жеті ұпай еншілеп, үздік үштіктен көрінді. Жарыс жеңіпазы болып Латвиялық Игроь Коваленко атанды. Болгарь Борис Чаталбашев күміс жүлдегер.

Жансая сайыста 15-ші ретпен бастады. Спортшыларға номерлер рейтингтегі орнымен байланысты берілген болатын. Бұл турнирде отандасымыз тек ерлермен ғана бақ сынасып, жеті ұпай еншіледі. Алты ойында жеңіп, екеуінде тең нәтиже тіркеді. Әлемнің мықты гроссмейстерлері жиналған жарыста 16 жасар қыздың үздік үштіктен көрінуі үлкен нәтиже.

Сондай-ақ

АЛЬБИНА АМАНГЕЛДИЕВА ТАШКЕНТ ГРАН-ПРИІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Ташкент гран-приіндегі екінші күміс медальды Альбина Амангелдиева еншіледі. 78 салмақта сынға түскен отандысымыз небары екі кездесу …