Басты бет / Соңғы жаңалықтар / «ҚАЙРАТ» ЖАСТАРЫ ГРУЗИЯЛЫҚ КОМАНДАНЫ ОҢАЙ ЖЕҢДІ

«ҚАЙРАТ» ЖАСТАРЫ ГРУЗИЯЛЫҚ КОМАНДАНЫ ОҢАЙ ЖЕҢДІ

Жастар арасындағы Чемпиондар Лигасы ойындарының алғашқы іріктеу кезеңі басталды.

«Қайрат» жастары қонақта Грузияның «Динамо Тбилиси» командасын ұтты. Борис Пайчадзе атындағы «Динамо-Аренада» өткен кездесуде жастарымыз  қарсылас қақпасына жауапсыз үш доп соқты.

«Динамо Тбилиси» U-19 (Грузия) 0-3 «Қайрат» (U-19)

Голдар: Котов, Бахтияров (дубль)

Жауапты ойын 19-қазанда Алматының Орталық стадионында өтеді. Егер де «Қайрат» келесі кезеңге өтсе, Австралиялық «Зальцбург» немесе Македониялық «Вардар» командаларымен жолығуы мүмкін.

Сондай-ақ

АЛЬБИНА АМАНГЕЛДИЕВА ТАШКЕНТ ГРАН-ПРИІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Ташкент гран-приіндегі екінші күміс медальды Альбина Амангелдиева еншіледі. 78 салмақта сынға түскен отандысымыз небары екі кездесу …