Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Бокс / СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: 4 БОКСШЫ ФИНАЛДА, 3 ҚОЛА

СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: 4 БОКСШЫ ФИНАЛДА, 3 ҚОЛА

 

Тайланд елінде студенттер арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда. Дүбірлі доданың финалына төрт  боксшы шықты, үш боксшымыз қола жүлдегер.

60 келі салмақта Дидар Өтелбаев жартылай финалда Тайпейлік  Чу-Ен Лайды жеңді. Келесі қарсыласы Ресейлік Рүстем Мустафаев.

69 келіде Бекболат Құрамысов ақтық сынға жолдама алды. Ол Швейцариялақ  Егзон Маликайды жеңді, келесі қарсыласы тағы бір Ресейлік  Харитон Аргбой.

81 келіде бақ сынап жатқан Али Ахмедовтың қарсыласы Олимпиада ойындарына қатысушы Беларусь  Михаил Даухалявец атанбақ. Али жартылдай финалда Швейцариялық  Уке Смайлиді жеңді.

Аса ауыр салмақта Нұрсұлтан Аманжолов Ресейлік Сергей Смолинмен әлем чемпионатының алтынын сарапқа салмақ.

Финалдық бәсекелер ертең, 8-ші қазан күні өтеді.

Студенттер арасындағы әлем чемпинатында үш боксшымыз қола жүлдегер атанды.

Қыздар арасында тек Назым Ищанова ғана жүлдегер атанды. 60 келі салмақтың жартылай финалында отандасымыз жарыс қожайынымен күш сынасты. Аса күмәнді өткен кездесуде Тайландтық  Ratchadapom Saoto 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Ерлер арасында 56 келіде Ертуған Зинуллинов те Тайландық боксшымен күш сынасып, 3:0 есебімен жеңіліп қалды.

75 келі салмақтың жартылай финалында Рахат Маржықбаев Ресей боксшысына есе жіберді. Тартысты өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды.

Сондай-ақ

АЛЬБИНА АМАНГЕЛДИЕВА ТАШКЕНТ ГРАН-ПРИІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Ташкент гран-приіндегі екінші күміс медальды Альбина Амангелдиева еншіледі. 78 салмақта сынға түскен отандысымыз небары екі кездесу …