Басты бет / Без рубрики / БОКСТАН АТЫРАУ БІРІНШІЛІГІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

БОКСТАН АТЫРАУ БІРІНШІЛІГІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 

Желтоқсанның 13-і күні бокстан 1999-2000 ж.т. жастар арасындағы Атырау облысы чемпионаты мәресіне жетті. 

Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер іріктеліп, жаңа құрама жасақталды. Атырау облысы жастар құрамасының бас бапкері Азамат Байдуллиев:

«Жылма-жыл жастар өздерін көрсетіп, шыңдала түсуде. Бұл облыс ішілік жарыста үздіктерді анықтап, келесі жылы өтетін «жастар ойындарына» дайындайтын боламыз. Жалпы жергілікті боксшылар Республика көлемінде үздіктер қатарында көрініп жүр. Түрлі Халықаралық жарыстарда чемпион атанып жүрген жастарымыз бар. Болашақта олар тек қана Атырау облысының емес, Қазақстанның да намысын абыроймен қорғайды деп сенемін», -дейді жастар құрамасының бапкері.

1999-2000 ж.т. жастар арасындағы Атырау облысы чемпионатының нәтижелері:

46 келі: Тажиев М.
49 келі: Құрманғазы М.
52 келі: Зейнолла Н.
56 келі: Жаекнов Н.
60 келі: Рахметолла Е.
64 келі: Бітімов А.
69 келі: Қабидоллаев А.

75 келі: Айтқалиев А.

91 келі: Тельманов С.
+91 келі: Амангелдиев А.

Жарыс қорытындысы бойынша Құрманғазы Мерей «ең үздік техникалы» боксшы атанды. «Ең үздік боксшы» болып Зейнолла Нұрсат атанса, «Жеңіске деген құштарлығы үшін» Ниғметуллин Дархан марапатталды. Үш боксшының да бапкері Байдуллиев Азамат. «Үздік төреші» Қалиев Аманқос.

Үздік шыққан боксшыларға сыйлықтар табысталды. Осы арада турнирге демеушілік танытқан А.М.К. Строй-сервиз компаниясының директоры Бекжан Хайырға алғысымызды айтамыз.

 

 

Сондай-ақ

ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ КӘСІПҚОЙ БОКСҚА АУЫСТЫ

  Рио Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа өтті, — деп …