Басты бет / Бокс / БОКС ТӨРЕЛІГІНДЕ ӨЗГЕРІСТЕР ОРЫН АЛДЫ

БОКС ТӨРЕЛІГІНДЕ ӨЗГЕРІСТЕР ОРЫН АЛДЫ

 

Халықаралық әуесқой бокс федерациясы  (AIBA) сайыстардағы төрелік жұмыстарына өзгертулер енгізді. Енді жаңа әдіс 2017 жылдан бастап жүзеге асатын болады.

Ескі бағалау әдісі Рио Олимпиадасынан кейін сарапшылар тарапынан қатты сынға ұшырады. Халықаралық дау туғаны соншалық, бірнеше төрешіні жарыс барысында шеттетуге тура келген болатын. Олимпиада кезінде  AIBA 36 төрешінің жұмысын жоққа шығарған болатын.

 

Жаңа бағалау әдісі Санкт-Петербургта өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында сынақтан өткізілген. Чемпионат қорытындысы бойынша барлық қатысушылар мен жаттықтырушылар бұл жүйеге оң бағасын берген болатын.

 

Жаңа жүйеге сәйкес төрешілер рингтің төрт жағына да отырып, ұпайларды санайды және барлық бес көрсеткіш те есепке алынатын болады. Бұрынғыдай әр раундтың нәтижесі есепке алынбайды. Кездесу біткен соң ғана ақтық шешім шығатын болады.

Жалпы Рио Олимпиадасы емес, көптеген бокс турнирлеріндегі төрешілер жұмысы сынға алынып жүр. Василий Левиттің Рио Олимпиадасындағы финалдық бәсекесі мамандар тарапынан сөзсіз түрде сынға алынды. Және сол кезде жұмыс жасаған төреші шеттетілген болатын.

 

Сондай-ақ

ДМИТРИЙ РЕЙХАРД ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

  Фристайлдың могул түрінен АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында əлем кубогының екінші кезеңі өтуде. Ерлер арасында отандасымыз Дмитрий Рейхард …