Басты бет / Бокс / МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВ АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВ АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

Еліміздегі әуесқой боксшылар арасында Мейірім Нұрсұлтанов өзінің мықтылығын сан мәрте дәлелдеген боксшы. 75 келі салмақта ел намысын қорғап, Олимпиада ойындарында чемпион атанатын боксшылар деп тізім жасайтын болсақ, Мейірім бұл тізімде бірінші орында тұратын.

«Astana Arlans» клубы сапында 2013 жылдан бері жұдырықтасып келе жатқан Мейірім өзін сан қырынан танытты. Талай қауқарлы қарсыластарын қапы қалдырып, командасына маңызды ұпай сыйлады. Дегенмен ұлттық команданың негізгі құрамына көп іліге алған жоқ. Өйткені, 75 келіге дейінгі салмақта Жәнібек Әлімханұлы бар.

Мейірім Нұрсұлтанов – еңбекқор, намысқой боксшы. Оны осыған дейінгі жекпе-жектерінен-ақ көріп, байқап жүрміз. Бүгінде Мейірім қазақстандық кәсіпқой боксшылар Мадияр Әшкеев және Асxат Уәлиxановпен бірге «Main Event» промоутерлігінде жаттығып жүр.

boxrec.com сайтында белгілі болғандай Мейірімнің алғашқы қарсыласы анықталды. Ол 26 жасар Америкалық боксшы Монреко Голдстон. Голдстон кәсіпқой бокстағы бес жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Алғаш рет 2013 жылы шаршы алаңға шыққан.

Бар ойым алғашқы жекпе-жегімде жеңіске жету,- дейді Нұрсұлтан  dodasport.kz  сайтына берген сұқпатында.

«Америкаға келгеніме екі ай болды. Сол уақыттан бері қызу дайындық жұмысын жасаудамыз. Әзірге қарсыласымды зерттеп үлгерген жоқпын. Отандастарыммен бірге бір залда жаттығамыз. Мен бокс мектебімді өзгерткен жоқпын, сол бағытта даму үстіндемін. Әуесқой мен кәсіпқой бокс дайындығында көп айырмашылық жоқ. Тек бір кездесуге ғана дайындаласың.  Қазіргі негізгі мақсатым алғашқы кездесуімді сәтті өткізіп, жеңіске жету», -дейді Нұрсұлтан.

Айта кетейік, кездесу 19 қарашаға жоспарланған. 72 келі салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа жалғасады.

 

 

 

 

 

Америкалық боксшы Монреко Голдстон

 

Сондай-ақ

ГОЛОВКИННІҢ ЖАНКҮЙЕРІ АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ АТАНДЫ

 АҚШ-тың республикалық партиясының атынан шыққан Дональд Трамп АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жетті. Жалпы Трамп 57,528,230 (47.9%) дауыс жинады, …