Осы күнгі архивтер: 27.05.2017

ҚАНАТ ИСЛАМ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНЕН СОҢ ПІКІРІМЕН БӨЛІСТІ

Қанат Ислам кезекті жеңісінен кейін қазақ еліне әлеуметтік желі арқылы алғыс айтып, қарсыласын неге нокаутқа жібермегенін түсіндірді. «Сіздерге жеңіс сыйлағаныма өте қуаныштамын! Қазақ елі менен нокаут күтті. Бірақ менің жаттықтырушыларым менен 12 раунттық жекпе-жекке тапсырма берді. Өйткені бізді ЭКСПО қарсаңында Астана, Алматыда үлкен 12 раундтық айқастар күтіп тұр. Сол үшін …

толық оқу»

ӘЛИЯ ЮСУПОВА: ТОКИОДА ТОП ЖАРАМЫЗ

Қазақ көркем гимнастикасының қарлығашы – Әлия Юсупова. Тыңнан түрен салған талант талай додада ел абыройын асқақтатты. Есесін жібермеді, мақсатына жетті. Бүгінде Елбасының қолдауымен ашылған тұңғыш гимнастика мектебін басқарады. Бас бапкер келешекте ұстаздан шәкірттерінің озарына сенеді.  Қазір Шымкентте гимнастикадан Әлия Юсупованың жүлдесіне арналған VII халықаралық турнир өтуде. Осыған орай қазақтың мақтанышы …

толық оқу»

«РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН 2017» ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Ралли Рейдтан Әлем Кубогы 20-26 мамыр аралығында Маңғыстау өңірінде өтті. Бір аптаға созылған тартысты дода бүгін соңғы кезеңін өткізіп, еліміздегі этапты сәтті аяқтады. Теңіз жағалауында қатысушылар мен жеңімпаздар марапатталды. Тұрғындар шабандоздармен естелік суретке түсуге мүмкіндік алып, тіпті жанкүйерлер олардың көліктеріне де отырып көрді. Ралли Қазақстан-2017 қорытындысы: 1.Нассер Салех Аль-Аттия (Катар)/Матье …

толық оқу»

ФУТБОЛДАН АРДАРГЕРЛЕР ЛИГАСЫНЫҢ БІРІНШІ АЙНАЛЫМЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бүгін Алматыда ардагерлер лигасының бірінші айналымы аяқталды. «Зоовет»стадионының футбол алаңы 40 жастан жоғары футбол әуесқойларының басын қосты. Әдеттегідей, жарысқа 10 команда, 300 ардагер қатысты. Теңбіл доп-додасына тек кәсіпқой футболшылар, спорт ардагерлері емес, сонымен қатар, спортқа ешқандай қатысы жоқ әуесқойлар да доп тебеді. Қатысушылардың айтуынша, олар осылайша сенбі күндері демалады, тынығады. …

толық оқу»

ФИРУЗА ШАРИОПВА БЕСІНШІ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова кәсібилер арасында алтыншы жекпе-жегінде мерейі үстем болды. Айқас Мәскеу облысындағы Балашиха қаласында, Korston Club аренасында өтті. 22 жастағы боксшы Фируза Шарипова ресейлік спортшы Ольга Забавинамен кездесіп. 10 раундтық жекпе-жек, 3 раундта техникалық нокаутпен аяқталды.

толық оқу»

ВИКТОР КОТОЧИГОВ ТЕХНИКАЛЫҚ НОКАУДПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Отандасымыз Виктор Коточигов кәсіпқой бокстағы өзінің кездесуін Мәскеуде (Ресей) өткізді. Қазақстандық боксшының қарсыласы дебюттік кездесуін өткізген ресейлік Максим Услисти Рыбченко. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған болатын, жеңіл салмақта (61,2 келіде — 135 фунт) өткен кездесуде 2 раундта көп соққы жіберген ресейлік, кездесуді жалғастырудан бас тартты. Айта кетейік, Виктор Коточигов осы уақытқа дейін …

толық оқу»

ГҮЛЖАН ИСАНОВА ҮШІНШІ ҚОЛА МЕДАЛЬДІ АЛЫП КЕЛДІ

  Дзюдо күресінен Азия чемпионатындағы үшінші қола медальді Гүлжан Исанова еншіледі. Аса ауыр салмақта белдесетін балуанымыз үш кездесу өткізді. Алдымен іріктеуде Тайпейлік Тсал Уенді иппонмен жеңді. Жартылай финалда Жапониялық Инамори Намиға есе жіберіп алды. Қола үшін болған кездесуде Өзбекстандық Юлдошева Рахиманы иппонмен жеңді. Сонымен Қазақстан құрамасында 1 алтын, 3 күміс …

толық оқу»

МАКСИМ РАКОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Гонконгте өтіп жатқан дзюдо күресінен алғашқы алтын медальді Максим Раков еншілді. Отандасымызға жеңіске жету үшін үш кездесу жеткілікті болды. Алдымен Моңғол және Өзбек балуандарынан басым түсті. Кейін финалда Оңтүстік Кореялық Ким Хуеон Шеуолды тізе бүктірді. Естеріңізге сала кетейік, Максим Раков 100 келі салмақта белдеседі.

толық оқу»

ИСЛАМ БОЗБАЕВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Гонгонкте өтіп жатқан Азия чемпионатындағы үшінші күміс медальді Бозбаев Ислам еншіледі. Жарыстың екінеші күні 90 келі салмақта белдескен балуанымыз төрт белдесу өткізді. Ірктеу кезеңінде отандасымыз Қырғызстан мен Өзбекстан балуандарын тізе бүктірді. Жартылай финалда Оңтүстік Кореялық Гуанг Донгханнан басым түсті. Кейін ақтық белдесуде Тәжік балуаны Устопирион Комроншонхқа есе жіберді.

толық оқу»

ЗЕРЕ БЕКТАСҚЫЗЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

  Гонконгта дзюдо күресінен Азия чемпионаты жалғасуда. Бүгін жарыстың екінші күні. 70 келі салмақта Зере Бектасқызы қола жүлдегер атанды. Отандасымыз алғашқы белдесуінде Қытайлық Денг Лиджуанды ұтты. Кейін Тайландық Суратанадан айласын асырды. Жартылай финалда Оңтүстік Кореялық дзюдошымыздан басым түсті. Үшінші орын үшін таласта Зере Моңғол балуанын иппонмен жеңді. Бұл Қазақстан құрамасының Азия …

толық оқу»