Басты бет / Мақала / ОЛИМПИАДА КҮНДЕЛІГІ.ҮШІНШІ КҮН. ҮШІНШІ МЕДАЛЬ

ОЛИМПИАДА КҮНДЕЛІГІ.ҮШІНШІ КҮН. ҮШІНШІ МЕДАЛЬ

Рио Олимпиадасының үшінші  күні жалпы есепте Қытай құрамасы көш бастап тұр. Олардың еншісінде 4 алтын, 2 күміс, 3 қола бар. Ал, Қазақстан үшін бұл күн кешегі күнге қарағанда сәтті болды.

 

Пневматикалық винтовка атудан сыңға түскен Юрий Юрков іріктеуде төмен нәтиже көрсетіп, финалға өте алмады. 10 метрлік қашықтыққа көздеу сайысында  сынға түскен Юрий Юрков іріктеу кезеңінде 44-ші нәтиже көрсетті.

Садақ ату бойынша жеке сында қазақстандық спортшы Сұлтан Дүзелбаев өзінің алғашқы қарсыласы қытайлық Гу Сюэсуннен айласын асырғанымен, 1/16 финалда итальяндық Несполи Мауродан оңбай ұтылып, жүлдесіз қалды.

Академиялық ескек есу спорты бойынша жекелей сында  іріктеу кезеңі өтті. Бұл спорттан ел намысын Владислав Яковлев пен Германовия Светлана қатысты. Өкіншіке орай, қос спортшымыз да іріктеуден өте алмады.

Дзюдо күресінен 73 келіде сынға түскен отандасымыз Дидар Хамза жүлдесіз қалды. Ол алғашқы айналымда Файе Нджиені ұтты. Ал, екінші айналымда әзірбайжандық Рустам Оруджаевтан ұтылып, жүлдеден қағылды.

49 кг салмақта сынға түскен Біржан Жақыпов Матиас Амуньеланы еш қиындықсыз жеңіп, ширек финалға шықты. Ширек финалда ол өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен кездеседі.

 

75 кг салмақта Жәнібек Әлімханұлы өз қарсыласы Энтони Фаулерді еш ойланбастан ұтты. Жәнібектің келесі кезеңдегі қарсыласы африкалық боксшы болуы мүмкін.

91 кг салмақта Василий Левит өз кездесуін уақытынан бұрын аяқтады. Василий қытайлық Юй Фэнкайді сұлатып түсіріп, ширек финалға жолдама алды. Жартылай финалдық жолдаманы Кеннеди Сен-Пьеррмен сарапқа салады.

62 кг салмақта ел намысын қорғаған ауыр атлетшіміз Фархад Харки қоржынға үшінші медальды салды. Жұлқа көтеруде 135 кг, серпе көтеруде 170 кг көтеріп, үздік үштіктен көрінді.

 

Сондай-ақ

АЛҒАШҚЫ АЛТЫН. НИДЖАТ РАХИМОВТЫҢ ЕРЛІГІ

  Ниджат Рахимовжарыстың бесінші күні Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды. 77 келіге дейінгі салмақта  қазақстандық …