Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Дзюдо / ҚЫЗЫЛОРДАДА ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

 

 

16-19 қараша аралығында Қызылордада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.  Оған еліміздің барлық өңірінен келген 400-ден аса спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесіндежүлделерді сарапқа салды.

Олардың арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері, батысқазақстандық Азамат Мұқанов, ақтөбелік Рүстем Ыбраев,  Олимпиада ойындарының қатысушылары, қарағандылық Жансай Смағұлов, оңтүстікқазақстандық Дидар Хамза, Азия чемпионатының қола жүлдегерлері маңғыстаулық Елдос Жұмаханов, қарағандылық Ержан Шынкеев,  жасөспірімдер Олимпиада ойындарының чемпионы, тұңғыш Әлем чемпионы, қызылордалықтар Бауыржан Жауынтаев, жастар арасында Әлем чемпионы Мағжан Шамшадин, жастар арасында Азия чемпионы Жақсыбек Жеңісбек, Азия чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы, Алматы қаласынан Мариям Урдабаева, Универсиада ойындарының қола жүлдегері, Алматы облысының спортшысы Жанар Қашқын және Азия ойындарының қола жүлдегері, шығысқазақстандық дзюдошы Гүлжан Исановалар өнер көрсетті.

Жарыстың салтанатты ашылуында облыс әкімі Қырымбек  Көшербаев пен ҚР дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбеков жарысқа қатысушыларға сәттілік  тіледі.

Қазақстан дзюдо федерациясының атынан облыста дзюдоның  қарқынды дамуына қосқан үлесі үшін облыстық дзюдо федерациясына 1 дана татами жиынтығы табыс етілді.Ел чемпионатының қорытындысы бойынша  дзюдодан Қазақстан құрама командасының сапы жасақталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, дипломдармен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

 

Әйелдер:

48 келі:

I орын Галбадрах Отгонцэцэг (ОҚО)
II орын Салтанат Сұлтанбекова (Қызылорда облысы)

III орын Әйгерім Төреғожина (Қарағанды облысы)

III орын Абиба Абужақынова (Алматы облысы)

 

52 келі:

I орын Кәмшат Қарасайқызы (Маңғыстау облысы)
II орын Гүлдана Әлмұханбетова  (БҚО)

III орын Айкүнім Түйтекова (Алматы облысы)

III орын Айнұр Сүлеймен (Жамбыл облысы)

 

57 келі:

I орын Севара Нышанбаева (ОҚО)
II орын Назгүл Құбашева  (Атырау облысы)

III орын Анна Старченко (Қарағанды облысы)

III орын Анна Казюлина (Маңғыстау облысы)

 

63 келі:

I орын Мариям Урдабаева (Алматы қаласы)
II орын Сымбат Төрен (Қызылорда облысы)

III орын Әйгерім Мұратәлі (Жамбыл облысы)

III орын Ақниет Тұрдан (Маңғыстау облысы)

 

70 келі:

I орын Дилбар Өмірәлиева (Қарағанды облысы)
II орын Жанар Қашқын  (Алматы облысы)

III орын Динара Қодарова (Қызылорда облысы)

III орын Зере Бектасқызы (ШҚО)

 

78 келі:
I орын Альбина Амангелдиева (ОҚО)
II орын Эльмира Самиғоллаева (Атырау облысы)
III орын Зарина Райфова (Алматы қаласы)
III орын Қалжан Тайжанова (Атырау облысы)

 

+78 келі:
I орын Гүлжан Исанова (ШҚО)
II орын Руза Доқтырбаева (ОҚО)
III орын Гүлида Көбей (ОҚО)
III орын Нұрғаным Тұршабек (Қызылорда облысы)

 

Ерлер:

60 келі:

I орын Бауыржан Жауынтаев (Қызылорда облысы)
II орын Абылайхан Шаратов  (Қарағанды облысы)

III орын Ғұсман Қырғызбаев (Алматы қаласы)

III орын Рүстем Ыбраев  (Ақтөбе  облысы)

 

66 келі:

I орын Мейіржан Қалтаев (ОҚО)
II орын Ғұмар Қырғызбаев  (Алматы қаласы)

III орын Әбілқайыр Мауленин (Алматы облысы)

III орын Ғабит Есімбетов  (ОҚО)

 

73 келі:

I орын Жансай Смағұлов (Қарағанды облысы)
II орын Бекәділ Шаймерденов  (Жамбыл облысы)

III орын Ерасыл Сәкенұлы (Алматы қаласы)

III орын Нұрлыхан Сүйінбай (Ақтөбе облысы)

 

81 келі:

I орын Қажымұқан Өтеулиев (Алматы қаласы)
II орын Әзиз Қалқаманұлы  (Жамбыл облысы)

III орын Әділет Миссин (Ақтөбе облысы)

III орын Бекжан Әбдуәлиев  (Ақтөбе  облысы)

 

90 келі:

I орын Тимур Жарасов (Қарағанды облысы)
II орын Сұңғат Закарияев  (Атырау облысы)

III орын Айбол Айтбек (Жамбыл облысы)

III орын Әсет Ахметжанов  (ШҚО)

 

100 келі:
I орын Виктор Демьяненко (Алматы қаласы)
II орын Айбек Серікбаев (Қызылорда облысы)
III орын Александр Касачев (Алматы облысы)
III орын Асан Мамбетқұлов (Астана қаласы)

 

+ 100 келі:
I орын Ержан Шынкеев (Қарағанды облысы)
II орын Еламан Ерғалиев (Қызылорда облысы)
III орын Әділ Оразбаев (ШҚО)
III орын Еркебұлан Абдулла (ОҚО)

Сондай-ақ

САДРИДДИН АХМЕДОВ ҚАРСЫЛАСЫН ТЕХНИКАЛЫҚ НОКАУДПЕН ҰТТЫ

  Төртінші боксшымыз жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. 69 келі  Садриддин Ахмедовтың аяқ …