Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Дзюдо / ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨТЕДІ

ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨТЕДІ

 

Қызылордада дзюдодан Қазақстан чемпионаты және кубогы басталады.

16 қараша күні Қызылордада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты және кубогы басталады. Дүбірлі бәсекеге Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан400-ден аса спортшылар 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.
Олардың арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері, батысқазақстандық Азамат Мұқанов, Ақтөбелік Рустам Ыбраев, Олимпиада ойындарының қатысушылары, Қарағандылық Жансай Смағұлов, Оңтүстік қазақстандық Дидар Хамза, Азия чемпионатының қола жүлдегерлері Маңғыстаулық Елдос Жұмаханов, Қарағандылық Ержан Шынкеев, жасөспірімдер Олимпиада ойындарының чемпионы, тұңғыш Әлем чемпионы, Қызылордалықтар Бауыржан Жауынтаев, жастар арасында Әлем чемпионы Мағжан Шамшадин, жастар арасында Азия чемпионы Жақсыбек Жеңісбек,  Азия чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы, Алматы қаласынан Мариан Урдабаева, Универсиада ойындарының қола жүлдегері, Алматы облысының спортшысы Жанар Қашқын және Азия ойындарының қола жүлдегері, Шығыс қазақстандық дзюдошы Гүлжан Исановалар бар.
Жарыс қорытындысы бойынша келесі жылға ерлер мен әйелдер құрама командасы жасақталады.
Сондай-ақ, ел чемпионаты аяқталғаннан кейін 19 қарашада Қазақстан кубогы өтеді.
Жарыстың салтанатты ашылуы 16 қараша сағ. 10.00-де, басталуы 10.30-да «Мұз айдыны» спорт кешенінде.

Сондай-ақ

ЖАС БОКСШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫН

  Қараша айының 17-26 аралығында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін …