ЖЕҢІСКЕ ЖЕТУ ОҢАЙ!

«ТНС» пен «Селтик» «Пари Сен-Жерменнің» рекордын жаңартып, 31 ұпай айырмашылығымен чемпион атана ала ма?

Чемпионы налегке

«Селтик» пен «ТНС» өз ішкі біріншіліктерінде, сәйкесінше Шотландия және Уэльс чемпионатында ешкімге дес бермей келе жатыр. Олар екінші орында келе жатқан команданы 31 ұпай басымдылығымен жеңсе, «Пари Сен-Жерменнің» 2015/16 жылғы маусымдағы рекордын жаңартады.

Әзірше еуропалық рекорд «Пари Сен-Жермен» клубына тиесілі. Өткен маусымда Франция чемпиондары «Лионды» 31 ұпай артта қалдырып, 95 ұпаймен чемпион атанған. Оған дейінгі рекорд «Селтикке» тиесілі болған. Олар 2013/14 жылғы маусымда 29 ұпай айырмашылығымен чемпион атанды.

«Селтик» өзіне тиесілі рекорды тез қайтарып алуы мүмкін. Шотландия чемпионатының аяқталуына 18 тур қалғанда Брендан Роджерстің шәкірттері басты қарсыласы глазголық «Рейнджерсті» 19 ұпайға артта қалдырып кетті.

Дегенмен, «ТНС» клубының аяқалысы да жаман емес. Биылғы Уэльс чемпионатында команда 21-турдың қорытындысы бойынша ешқандай ұпай жоғалтпай, барлық кездесуде жеңіске жетті. «ТНС-тің» еншісінде әзірше 63 ұпай бар. Олардың басты қарсыласы «Коннас-Ки» клубы 21 ұпай артта келе жатыр. Өткен аптада Крейг Харрисон шәкірттері әлемдік рекордты бұзып, барлық фронттағы ресми 27 кездесуде жеңіске жетті. Осыған дейінгі рекорд «Аякс» (1971/72 жылғы маусымда 27 матч қатарынан жеңіске жеткен) клубына тиесілі болған.

Ішкі біріншілікте екінші орындағы команданы көп ұпай айырмашылығымен жеңген командалар:
31 ұпай: «Пари Сен-Жермен» (Франция, 2015/16)
29: «Селтик» (Шотландия, 2013/14)
28= «Олимпиакос» (Грекия, 2015/16)
28= «Динамо» Загреб (Хорватия, 2007/08)
27: «Сконто» (Латвия, 1997)
26= «Копенгаген» (Дания, 2010/11)
26= «Барри Таун» (Уэльс, 1997/98)

Коул "МЮ-дің" жеңісін тойлап жатыр
Коул «МЮ-дің» жеңісін тойлап жатыр

Ішкі біріншілікте екінші орындағы команданы көп ұпай айырмашылығымен жеңген УЕФА командалары:

Австрия: «Штурм» (1997/98), «Зальцбург» (2006/07) — 19 ұпай
Әзірбайжан: «Кяпаз» (1997/98) — 16
Албания:
«Тирана» (1994/95) — 12*
Англия: «Манчестер Юнайтед» (1999/00) — 18
Андорра:
«Ранхерс» (2005/06) — 12
Армения: «Пюник» (2004 and 2006) — 16
Беларусь: «Шахтер» Солигорск (2005) — 13
Бельгия: «Брюгге» (1997/98) — 18
Болгария: «Левски» (1994/95) — 17
Босния және Герцеговина:
«Железничар» (2001/02) — 11
Македония: «Вардар» (1992/93) — 21
Венгрия: «Ференцварош» (2015/16) — 21
Германия: «Бавария» (2012/13) — 25
Гибралтар: «Линкольн» (2005/06) — 17
Греция:
«Олимпиакос» (2015/16) — 28
Грузия: «Динамо» Тбилиси (1996/97) — 17
Дания:
«Копенгаген» (2010/11) — 26
Израиль: «Маккаби» Хайфа (2005/06), «Маккаби» Тель-Авив (2013/14) — 16
Ирландия: «Богемиан» (2008) — 19
Исландия: «Хабнарфьордюр» (2005) — 16
Испания:
«Барселона» (2012/13) — 15
Италия: «Интернационале» (2006/07) — 22
Қазақстан: «Жеңіс» (2001) — 9
Кипр: «Анортосис» (1996/97) — 13
Латвия: «Сконто» (1997) — 27
Литва: «Каунас» (2006) — 21
Лихтенштейн: чемпионат өткізілмейді
Люксембург: Дюделанж (2007/08) — 21
Мальта: «Хибернианс» (2014/15) — 16
Молдова: «Шериф» (2006/07) — 21
Голландия: ПСВ (2000/01 and 2014/15) — 17
Норвегия: «Русенборг» (1995) — 15
Польша: «Висла» Краков (1998/99) — 17
Португалия: «Порту» (2010/11) — 21
Ресей: «Зенит» (2011/12) — 13
Румыния: «Стяуа» (2012/13) — 16
Сан-Марино: «Фаэтано» (1985/86) — 1 (барлық чемпионаттар плей-офф жүйесі бойынша өткізілді)
Солтүстік Ирландия: «Линфилд» (1999/00) — 18
Сербия: «Партизан» (2002/03) — 19
Словакия: «Слован» Братислава (1994/95) — 20
Словения: «Марибор» (2011/12) — 20
Түркия: «Галатасарай» (1987/88) — 12
Украина: «Динамо» Киев (1999/2000) — 18
Уэльс: «Барри Таун» (1997/98) — 26
Фарер аралдары: Б-71 (1989) — 9
Финляндия: ХИК (2011) — 24
Франция:
«ПСЖ» (2015/16) — 31
Хорватия: «Динамо» Загреб (2007/08) — 28
Черногория: «Сутьеска» (2012/13) — 5
Чехияc: «Спарта» (2000/01) — 16
Швейцария: «Базель» (2011/12) — 20
Швеция: «Мальме» (1949/50) — 15*
Шотландия: «Селтик» (2013/14) — 29
Эстония: «Левадия» (2009) — 2

*-турнирде әрбір жеңіс үшін 2 ұпай берілді.

Сондай-ақ

УНИВЕРСИАДА «АЛАУЫН САҚТАУШЫЛАР» ТАСЫМАЛДАУ ЖОЛДАРЫН ҮЙРЕНДІ

Алматыда Air Astana әуекомпаниясының өкілдері Қысқы универсиаданың «Алау сақтаушыларына» арнап оқу семинарын өткізді. Техникалық мамандардан …