Басты бет / Бокс / БОКСШЫЛАРДЫҢ РОСТОВТАҒЫ ЖЕҢІСІ

БОКСШЫЛАРДЫҢ РОСТОВТАҒЫ ЖЕҢІСІ

Ресейде бокстан Халықаралық «Ростов-на-Дону» кубогы өтті, деп жазады dodasport.kz сайты.

Ресей студенттер бокс Федерациясының  вице-президенті Марат Латыповты еске алуға арналған турнирге Ресей облыстарынан және Қазақстан мен Беларусь елдернен 63 боксшы бақ сынады. Бұл сында ел намысын Ақтау мен Ақтөбе облыстарының боксшылары қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан боксшылары 2 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль еншіледі. Турнирдің ең үздік боксшысы Сабыров Нұрлан атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Алтын: 56 келі Махмұд Аль-Мұхаммед; 60 келі Данабеков Заманбек.

Күміс: 49 келі Жетібаев Самат; 52 келі Сансызбай Батырхан; 56 келі Абдрахманов Закария; 60 келі Шаршов Сұлтан.

Қола: 49 келі Есқуатов Жәнібек; 56 келі Орынбасаров Сұңғат; 64 келі Ажбенов Нұртас; 81 келі Сабыров Нұрсұлтан.

 

 

Сондай-ақ

ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ КӘСІПҚОЙ БОКСҚА АУЫСТЫ

  Рио Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа өтті, — деп …