Басты бет / Басқа түрлер / АТЫРАУЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ГЕРМАНИЯДАН КҮМІС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

АТЫРАУЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ГЕРМАНИЯДАН КҮМІС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

Атырау параволейбол командасы Германияда өткен  «LE-CUP IM SITZVOLLEYBALL» турнирінің күміс жүлдегері атанды.

Дәстүрге айналған турнирге биыл 12 команда қатысты. олардың ішінде әлемдегі ең таңдаулы деген командалардың бестігіне енетін ұжымдар бар.

Атырау волейболшылары финалда  «BV Leipzig» командасына есе жіберді. Ойын тартысты өтті. Құрама бапкерінің айтуы бойынша Атыраулық ұжым жарыстың алғашқы күні бұл команданы жеңген. Кейін финалда жолдары қайта түйіскен. Ақтық сындағы нәтиже 32:30 есебімен тартысқа толы аяқталған.

«BV Leipzig» — Германия елінің ең мықты ойыншылары жиналған ұлттық құрама. Лондон Олимпиадасының қола жүлдегерлері болып табылады. Солай сияқты Атырау отырып ойнау волейболы командасын да айтуға болады. Себебі түрлі Халықаралық турнирлерде ел намысын тек қана Атыраулық волейболшылар қорғап жүр.

Тағы бір айта кететін жайт, осы турнир барысында құрама мүшелері Паралимпиада ойындарында бесінші орын алған Украина құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, жеңіске жеткен. Матч қорытындысы 3:0 есебімен аяқталды.

Еуропадағы азулы командалардың бірі Хорватия құрамасы Атырау волейболшыларынан жарыстың бірінші күні 2:0, екінші күні 2:1 есебімен ұтылған.

Осы турнир барысында Атырау Параволейбол командасы өздерінің әлемдегі орны бар азулы құрама екенін тағы бір дәлелдеп келді.

Сондай-ақ

МУАЙ-ТАЙШЫЛАР ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАДЫ

  Әлем Кубогы 22-26 қараша аралығында Қазандағы «Баскет-холл» кешенінде өтті. Жарысқа Таиланд, Беларуссия, Франция, Канада, …