Басты бет / Басқа түрлер / ВИКТОРИЯ ЗЯБКИНА БРАЗИЛИЯДАҒЫ ТУРНИРГЕ ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

ВИКТОРИЯ ЗЯБКИНА БРАЗИЛИЯДАҒЫ ТУРНИРГЕ ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

Бүгінгі таңда еліміздегі танымал жеңіл атлеттердің бірі Виктория Зябкина 3 маусым күні Бразилия Гран-приіне қатысады, — деп хабарлайды Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының сайты.

Бұл Гран-при Бразилияның Сан-Паулу штатында орналасқан Сан Бернардо до Кампо қаласында өтеді. Аталған жарыс Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының IAAF World Challenge Meetings санатындағы турнирінің қатарына кіреді. Жалпы бұл элиталық санаттағы турнир әлемнің сегіз елінде жалғасын табады. Бразилиядан бөлек, Голландия, Финляндия, Чехия, Испания, Германия, Хорватия, Италия елдері бар.

Серия 3 маусым күні Бразилияда ашылып, 3 қыркүйекте Италияның Риетти қаласында аяқталады.

IAAF World Challenge Meetings сериясындағы Гран-приде өнер көрсететін атлеттер шақырту арқылы қатысады. Бұл жерде көбінесе жеңіл атлетиканың жұлдыздары сынға түседі. Олардың арасында Виктория Зябкинаның болуы да біз үшін қуанышты жағдай.

Айта кетейік, Виктория Зябкина бұған дейін 2015 жылы бүкіләлемдік Универсиада ойындарында үш дүркін чемпион атанған. Сондай-ақ Азия чемпионы.

Ал биылғы жылы Азия Гран-приінің үш кезеңінде де жеңіске жетті.

kazathletics.kz

Сондай-ақ

АНТОН ПИНЧУК ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ

Бүкіләлемдік бокс сериясының екі дүркін чемпионы бірінші жартылай финалда British Lionhearts клубымен Қостанай қаласында бақ …