Басты бет / Басқа түрлер / ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН 2017 ЖЫЛҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН 2017 ЖЫЛҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АНЫҚТАЛДЫ

Жұма, 4-ші тамыз күні Лондонда жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты жалауын көтерді. Жарыстың алғашқы күні бір медаль жиынтығы сарапқа салынды.

10,000 метр қашықтықта жүгіруде бірнеше дүркін Олимпиада чемпионы, Британдық Мо Фара жеңіске жетті. Ол қашықтықты 26 минут, 49,51 секундта жүгіріп өтті. Бұл Британдық үшін әлем чемпионатының алтыншы алтыны.

Күміс жүлдені Угандалық Джошуа Чептеген иеленді. Джошуа жеңімпаздан бар болғаны ,043 секундқа қалып қойды. Үздік үштікті +1,09 айырмасымен Кениялық желаяқ Пол Тануи түйіндеді.

 

Сондай-ақ

АСТАНАДАҒЫ ЧЕМПИОНАТ ҚАРСАҢЫНДА ММА-ДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ АЯҚТАЛДЫ

ММА-дан Қазақстан құрамасы бас жаттықтырушы Айбек Шоқпытовтың жетекшілігімен Ақтөбе қаласындағы оқу-жаттығу жиынын тәмамдап, Астанаға келді. …