Басты бет / Кәсіпқой бокс / Жанат Жақиянов / ЖАҚИЯНОВ БЕЛФАСТТА ӨТКЕН ТИТУЛДЫҚ КЕЗДЕСУДЕ ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ

ЖАҚИЯНОВ БЕЛФАСТТА ӨТКЕН ТИТУЛДЫҚ КЕЗДЕСУДЕ ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ

Белфасттағы SSE аренасында өткен бокс кешінің басты кездесуінде, отандасымыз Жанат Жақиянов пен солтүстік ирландиялық Райан Барнетт жеңіл салмақтағы WBA Super және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық атақтарды сарапқа салды.

Бұл кездесуде, өзінің туған қаласында шаршы алаңға шыққан Райан Барнетт төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, Жанат Жақияновтың WBA (Super) нұсқасы бойынша чемпиондық атағын тартып алды.

Он екі раундқа жалғасқан тартысты жекпе-жекте, төрешілердің 118-110, 119-109 және 116-112 берген есебімен, Райан Барнетт жеңімпаз атанды.

WBA Super нұсқасы бойынша чемпиондық атағын ақпан айында ғана американлық Роуши Уорренді жеңіп иеленген Жанат, Барнетт секілді чемпиондық атағын бірінші рет қорғаған еді.

Бұл бокстағы мансабында 27 жеңісі бар Жанат Жақияновтың екінші жеңілісі. Ал, әлі жеңіліп көрмеген Райан Барнеттің он сегізінші жеңісі.

Сондай-ақ

«РЕАЛ» ИСПАНИЯ КУБОГІНДЕ «ФУЭНЛАБРАДАНЫ» ЖЕҢДІ

Испания кубогі 1/16 финалының бірінші ойынында, «Реал Мадрид» «Фуэнлабраданың» қақпасына екі гол соғып жеңіске жетті. …