Басты бет / Кәсіпқой бокс / ЕРЖАН ЗАЛИЛОВ ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛДІККЕ ТАЛАСАДЫ

ЕРЖАН ЗАЛИЛОВ ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛДІККЕ ТАЛАСАДЫ

29 қыркүйекте, Испанияның Бильбао қаласында қазақстандық Ержан Залилов екінші жеңілірек салмақта (55,2 келі / 122 фунт) 10 раундтық кездесу өткізеді. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Карлос Рамос (6-0-0, 5КО). 

Орта салмақта Геннадий Головкин аты шыққанша, үздік боксшы болған аргентиналық Серхио Мартинез құрған промоутерлік компанияның 21 жасар боксшысы Рамос, 2016 жылдың соңында кәсіпқой боксқа келіп, алты кездесу өткізіп үлгерген.

Бұл жекпе-жекте екінші жеңілірек салмақтағы WBC International Silver белдігі сарапқа салынатын болады.

Естеріңізге салсақ, Залилов соңғы жекпе-жегін 8 шілдеде Ресейде өткізіп, қырғыз боксшысы Шукур Абдинабиевты төрт рет құлатып, нокаутпен жеңген болатын.

Сондай-ақ

ФУТБОЛДАН ПРЕЗИДЕНТ КУБОГЫ ТАЛҒАРДА ӨТЕДІ

Қазақстан футбол федерациясының Талғар қаласында (Алматы облысы) орналасқан ұлттық құрамалар базасында 4-8 қыркүйек аралығында футболдан …