Басты бет / Басқа түрлер / АУЛА КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДА БЕСІНШІ ФУТБОЛ ЛИГАСЫ ӨТПЕК

АУЛА КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДА БЕСІНШІ ФУТБОЛ ЛИГАСЫ ӨТПЕК

Мамырдың 14-і күні, «Спорттық Алматы» жобасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің спорт кешенінде аула командалары арасында футбол лигасы өтеді. Теңбіл доп додасына сегіз жастан жоғары жеткіншектер қатыса алады.
Футбол ойындары «Мaxi чай» қолдауымен, ақысыз екі жас санатында, олимпиада жүйесіне сәйкес ұйымдастырылады. Біріншісі «А» – 8 жастан 14 жасқа дейін, ал екіншісі «Б» лигасы – 15 жастан жоғары.Регламентке сәйкес, әр командада 8 ойыншыдан болу керек. 6 немесе 5 (алаңға байланысты) ойыншы алаңда, қақпашымен қоса.

Айта кетсек, 8-14 жастар аралығындағы ойындар 8:00-де басталса, 15 жастан жоғары футболшылар арасында сағат 12:00-де басталады.
Шағын футболдан турнирлер Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, жастар мен жеткіншектерді, қала тұрғындарын күнделікті дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға қызықтыру, жаппай спорт түрлерінің бірі футболды алып шаһарда насихаттау, сондай-ақ, денсаулықты нығайту үшін қолжетімді әдісті таңдауға көмектесу мақсатында өткізіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен медальдермен мараптталады. Сондай-ақ, «Ең үздікқақпашы», «Ең үздік қорғаушы», «Ең үздік шабуылшы»номинацияларыбойыншаүздік ойыншылар анықталады. «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы алып шаһарадағы спорттың дамуына және белсенді тынығуға бағытталған. Жоба осы атаумен алдыңғы жылы басталып, бүгінде қала тұрғындарын түрлі спорттық шаралармен қуантып келеді.

Мекен-жайы:
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің футбол алаңы, Тимирязева көш-сі.

Уақыты:
«А» лигасы — 8:00
«Б» лигасы — 12:00

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА КЕЗЕКТІ РЕТ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

Жексенбінің ыстық күні «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында 3000-ға жуық адам кезекті велошеруде кездесті. Бұл …