Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Күрес / ЖАС БАЛУАНДАРДЫҢ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ЖЕҢІСІ

ЖАС БАЛУАНДАРДЫҢ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ЖЕҢІСІ

Тайланд елінің Бангкок қаласында грек рим күресінен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтуде.

Бүгін, жарыстың алғашқы күні балуандарымыз керемет нәтиже көрсетті. Қазақстанның үш балуаны құрлықтық біріншілікте жеңімпаз атанды.

46 келі салмақ дәрежесіндегі ақтық белдесуде Еркебұлан Ардақов Сенчел Янгты (Корея) жеңсе, 63 келіде Рахат Сағымбай Мұстафа Хордеден (Иран) басым түсті, ал 76 келідегі Дәулет Жалғасов Михран Саадатифардтен (Иран) айласын асырды.

Сондай-ақ

«ҚАЙРАТТЫҢ» БАЗАСЫ РЕСЕЙЛІК ТІЛШІНІ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

«Қайрат» ойыншысы Андрей Аршавиннен сұқбат алу үшін Алматыға келген ресейлік журналист Евгений Дзичковский қазақстандық клубтың …