Басты бет / Кәсіпқой бокс / WBA ӘЛЕМ БОКСШЫЛАРЫНЫҢ РЕЙТИНГІ ЖАҢАРДЫ

WBA ӘЛЕМ БОКСШЫЛАРЫНЫҢ РЕЙТИНГІ ЖАҢАРДЫ

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBA) әлем боксшыларының рейтингісін жаңартты. Бейбіт Шүменов чемпиондық белдігінен айырылды.

Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін Бейбіт Шүменов WBA (WORLD) чемпионы атағынан 15 маусым күні шешіліп, белдікке кубалық Юниэр Дортикос ие болды. Осы салмақта өнер көрсететін Иса Ақбербаев он төртінші орынға көтерілді.

Бірінші орта салмақта бақ сынайтын Қанат Ислам бір саты көтеріліп, 3 орынға жайғасты. Айта кетейік осы салмақта WBA (Super) чемпионы кубалық Эрисланди Лара (24-2-2, 14КО), WBA (World) чемпионы америкалық Деметриус Андраде (24-0-0, 16КО).

Жанқош Тұраров жартылай орта салмақ дәрежесінде 10-шы орнын сақтап қалды.

 

Сондай-ақ

«БАРЫС» ОМБЫДАҒЫ ЖАРЫСТЫ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

«Барыс» хоккей клубы Омбыдағы Виктор Блиновты еске алуға арналған жарысты жеңіспен бастады. Елордалық ұжым бірінші …

Добавить комментарий