Басты бет / Басқа түрлер / ТАРАЗДА СУ ПОЛОСЫНАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ТАРАЗДА СУ ПОЛОСЫНАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

31 шілде мен 4 тамыз аралығында Тараз қаласында су полосынан КСРО-ға еңбек сіңірген жаттықтырушы А.А.Крюковты еске алуға арналған Жамбыл облысының ашық біріншілігі өтті.

Сайысқа Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрамасынан өзге Ханты-Мансийсктік «ЮГРА», Кириши қаласынан «КИНЕФ» және Өзбекстан жастар құрамасы қатысты.

Қорытындысында Қазақстан жастар құрамасына тең келер ешкім болмады. Отандастарымыз Өзбекстан құрамасын 9-6 есебімен жеңді. Жарыстың соңғы күні Кириши қаласының командасын оңай ұтты.

Жақында Ташкентте жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасының басты қарсыласы Өзбекстан құрамасы болмақ. Елімізде өткен турнирде бір бас басым тұрдық.

Сондай-ақ

ЕУРОПА ЛИГАСЫ: «АСТАНА» — «МАККАБИ»

Бүгін Еуропа лигасының топтық кезеңінде үшінші тур ойындары өтеді. «Астана» футболшылары Израильдің «Маккабиімен» алаңға шығады. …