Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Ауыр атлетика / ДЕНИС УЛАНОВ УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

ДЕНИС УЛАНОВ УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Қытайлық Тайбэйде өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын түсті. 

Кезекті алтын жүлдені ауыр атлет Денис Уланов салды. 85 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 360 келі (165+200) келіні бағындырып, үздік шықты. Екінші орынды 364 келімен (170+194) армениялық Андраник Карапетян алса, үздік үштікті корей жігіті Жанг Юнг Хак (354=163+191) алды.

Бұл алтын жүлдеден кейін Қазақстан құрамасы 9 жүлдемен (3 алтын, 1 күміс және 5 қола) жалпыкомандалық есепте тоғызыншы орынға көтерілді.

Сондай-ақ

ҚУАТ ХАМИТОВТЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ҚАРАША АЙЫНЫҢ СОҢЫНДА ӨТЕДІ

Қуат Хамитов Алматыда Конор МакГрегордың спарринг-серіктесімен жекпе-жегі ресми түрде жарияланды. 26-шы қарашада «Алматы-Аренада» ғаламат шоу …