Басты бет / Соңғы жаңалықтар / ҚР ҮСТЕЛ ҮСТІ ТЕННИСІНЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАҒА ЖАҢА БАС БАПКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР ҮСТЕЛ ҮСТІ ТЕННИСІНЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАҒА ЖАҢА БАС БАПКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Үстел теннисі федерациясы бапкерлер кеңесі мен спортшылардың қатысуымен жиналыс өткізді. Жиында 2018 жылға арналған бапкерлер құрамы, ұлттық құрама спортшыларының дайындығын жақсарту және бапкерлер жұмысын жетілдіру мәселелері қаралды.

Бапкерлер құрамы мен федерация басшылығының ұсынысы бойынша Ұлттық құрамаға бас бапкер ретінде Әлиева Эльмира Кайырқызының кандидатурасы ұсынылып мақұлданды.

Ұлттық құраманың аға бапкері болып Переверзев Дмитрий Владимирович тағайындалды.

Жастар құрамасының аға бапкері болып Бейсенов Самат Асқарұлы тағайындалды.

Жасөспірімдер және кадеттер құрамасының аға бапкері болып Тимченко Евгений Анатольевич тағайындалды.

«Маған осындай сенім артып отырғаны үшін федерациямыздың Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына және әріптестеріме үлкен алғыс айтқым келеді. Соңғы уақыттарда федерация басшылығына Қасым-Жомарт Тоқаев келгелі керемет өзгерістер болып жатқанын білесіздер. Бірнеше өңірде үстел теннисіне арналған залдар ашылды, ескі залдар жөндеуден өтті. Өте сапалы .стелдер мен ракеткалар өңірлерге федерация тарапынан сатып алынып жөнелтілді. Осы жұмыстарды ескере келе біз алға қойылған тапсырмаларды уақытылы орындап жанкүйерлер сенімін ақтауға барымызды саламыз дегім келеді.» — деді бас бапкер Әлиева Эльмира Кайырқызы.

Сондай-ақ

МОГУЛШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ АЛТЫНЫН ИЕЛЕНДІ

Қытай елінің Тайву қаласында Фристайл-могул спорты бойынша әлем кубогының екінші кезеңі өтуде. Финалдық кезеңде қос …