Басты бет / Соңғы жаңалықтар / ТЕННИСШІЛЕР РЕЙТИНГІ ЖАҢАРДЫ

ТЕННИСШІЛЕР РЕЙТИНГІ ЖАҢАРДЫ

Теннисшілердің әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. Өткен аптамен салыстырғанда Ярослава Шведова мен Зарина Диас WTA тізімінде бір сатыға жоғарлады. 

Қазіргі кезде Ярослава Шведова 79-орынды иеленсе, Зарина Диас 110-сатыға жайғасты. Олардың екеуі де мықты ойыншылар екеніне ешкімнің күмәні болмаса керек. Тек соңғы кездері Шведованың бағы жанбай жүрсе, Диас жарақатынан енді ғана айығып, тәуір ойнай бастады. Бұйыртса, алдағы уақытта олар өрелі өнерлерімен өз жанкүйерлерін қуантып, әлемдік рейтингтегі жағдайларын едәуір жақсартады деген үміттеміз. Әйелдер сайысындағы Қазақстанның теннисшілері арасындағы ең үздік көрсеткіш бұрынғыша Юлия Путинцеваға тиесілі. Ол үздіктер тізімінде 49 орынды иеленуде.

Ерлер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин АТР рейтингінде 102-орынды еншілеуде. Александр Бублик 123-сатыға табан тіреді. Жас дарын Дмитрий Попко 189-орынды иемденуде. Өкінішке қарай, өзге жерлестеріміз «ТОП-200» ойыншының қатарына ене алмай отыр. Әрине, жерлестеріміздің бұл көрсеткіші көңіл көншітерлік емес.

«ТОП-10» (ерлер): 1. Энди Маррей (Ұлыбритания), 2. Рафаэль Надаль (Испания), 3. Роджер Федерер (Швейцария), 4. Стэн Вавринка (Швейцария), 5. Новак Джокович (Сербия), 6. Марин Чилич (Хорватия), 7. Доминик Тим (Австрия), 8. Александр Зверев (Германия), 9. Кей Нишикори (Жапония) және 10. Милош Раонич (Канада).

«ТОП-10» (әйелдер): 1. Каролина Плишкова (Чехия), 2. Симона Халеп (Румыния), 3. Анжелик Кербер (Германия), 4. Гарбин Мугуруса (Испания), 5. Элина Свитолина (Украина), 6. Каролин Возняцки (Дания), 7. Йоханна Конта (Ұлыбритания), 8. Светлана Кузнецова (Ресей), 9. Винус Уильямс (АҚШ) және 10. Агнешка Радваньска (Польша).

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН

Сондай-ақ

ДЕНИС ТЕН КОРЕЯДАҒЫ АТАҚТЫ БАБАСЫНЫҢ ЗИРАТЫНА БАРДЫ

Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Оңтүстік Кореядағы өзінің атақты бабасы …