Басты бет / Бокс / МАМАНДАР ПІКІРІ: СПОРТШЫ СЫЛТАУ АЙТПАУ КЕРЕК

МАМАНДАР ПІКІРІ: СПОРТШЫ СЫЛТАУ АЙТПАУ КЕРЕК

 

Белгілі спорт тілшісі, комментатор Рауан Оқас өзінің фейзбук желісіне  «Спортшы сылтау айтпау керек» атты жазбасын шығарды:

«Бірде, Бейбіт Назаров Алматыда бразилиялық қарсыласын төрешілердің шешімімен әрең жеңген кезде, жарыстың алдында екі-үш күн бұрын аяғын шығарып алғанын айтып, ақталған. Жәнібектің Риодағы жеңілісіне сынған қолы себеп болыпты. Қанаттың екі жұдырығы ісіп кетті деген де сылтау емес. Жарыс болған соң, ондай жәйттердің болуы заңдылық. Ақталуға жатпайтын дүние. Мәселен, Қайрат Нұртас жол апатына ұшырап, аяғы зақымданса да, екі сағат бойы тік түрегеліп Қазалыда концерт беріпті. Қайраттың өзі сылтау айтып жатқан жоқ», — дейді спорт маманы.

«Иә, расында Қайрат көлік апатына ұшырады, тура осы көлікте. Бірақ аман. Аяқтарына сəл зақым келген, Алла қолдап əйтеуір сынбаған. Екі аяғын таңып алып, Қазалыда халыққа еш білдірмей əнін айтып кетті»,- деп жазады әншінің анасы инстаграмдағы парақшасына.

Бұл жазба оқырмандар арасында қызу талқыланды. Сіз қалай ойлайсыз?

Рауан Оқас Алматыда өткен бокс кешінен алған әсерін жазды:

«АҚШ елінде отырып, бокс көргендей сезіндім. Қазақстанда бұрын-соңды өткізілген ең жоғарғы деңгейдегі бокс кеші осы болды деп есептеймін. Бұл жерде «Алматы аренаның» ғаламаттылығы басты себеп болғандай. Халық аяқ алып жүре алмады, Қанатқа деген ыстық ықылас байқалды. Барлық боксшы үмітті ақтады. Патрик братымның соңына дейін шыдас бергеніне тəнті болдым. Қысқасы, ұйымдастырушыларға рақмет!!

Қанаттың 12 раундта қарсыласын құлата алмауының себебі, жалпы оның шаршағандығымен байланыстыруға болады. Бір ай бойы оған үлкен назар аударылды, роликке түсті, студияларға сұхбат беруге барды, ашық жаттығу жасады. Орысша айтқанда перегорел дейді ғой. Одан қалса, халық алдында үлкен жауапкершілікті сезінді. Сондықтан, сөгуге болмайды. Патрик шымыр екен», — дейді Рауан ОҚАС.

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …