Басты бет / Без рубрики / ЛИАНА АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ЛИАНА АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Вьетнамның Хошемин қаласында таеквондо спортынан екінші рет жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтуде.

Жарыстың екінші күні ұлттық құрамамыз 1 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль иеленді.

51 келі салмақта Кушкеева Лиана қарсыластарының барлығын ұтып, чемпион атанды. Одан бөлек қос спортшымыз: Нұрқасым Ахмади (+65 кг) мен Бакишева Рита (33 кг) ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.

Қалжанова Аружан (29 кг), Бейсенова Айша (55 кг), Тұрарова Нурриза (59 кг), Чечет Ульяна (+59 кг) және Ақжолов Денис (61 кг) Азия чемпионатының қола медальін иеленді.

Осылайша, жалпы есепте Қазақстан спортшылары 1 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль иеленді.

 

 

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАН БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

  Маңғыстау былтырғы жетістігін қайталай ала ма? Оңтүстіктің боксшылары не дейді? Алматы да қалар емес. …