Басты бет / Без рубрики / ШОРТ-ТРЕКТЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

ШОРТ-ТРЕКТЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

 

26-28 наурыз аралығында Астана қаласында  шорт-трек спортынан Қазақстан Республикасы чемпионаты мәресіне жетті. Сайысқа Атырау, БҚО, Қостанай, Қостанай, Алматы, Қарағанды, ШҚО мен Астана қаласы қатысты.

Көп сайыстың қортындысы бойынша ерлер арасында Атыраулық спортшы Еркебұлан Шамуханов 110 ұпаймен бірінші орын алды. Екінші орынды 89 ұпаймен Батыс Қазақстандық Нұртілек Қажығали, үшінші орынды 63 ұпаймен Ғалиахметов Әділ еншіледі.

Жалпы ерлер арасында 35 спортшы сынға түсті. Спортшылар 500, 1000 және 1500 метрлерде және 3000 метр суперфиналда бақтарын сынады.

Қыздар арасында Қостанайлық Крестова Анастасия 136 ұпаймен жеке-дара көш бастады. Атыраулық Ольга Тихонова екінші, Астаналық Жанбусынова Мадина үшінші орынды иеленді.

Осылайша Қазақстандық шорт-трекшілер 2016-2017 жылғы маусымды тәмәмдады.

Сондай-ақ

ЖАС ШОРТ-ТРЕКШІЛЕР ЕУРОПАНЫҢ АБСОЛЮТТІ ЧЕМПИОНДАРЫ АТАНДЫ

  Литваның Электренай қаласында шорт-трек спортынан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты өтті, деп хабарлайды dodasport.kz сайты. …