Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Джиу-Джитсу / БРАЗИЛИЯЛЫҚ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРГЕ ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

БРАЗИЛИЯЛЫҚ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРГЕ ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

 

Бразилиялық  джиу-джитсудан ашық халықаралық Arlan Grip Selection Kids турниріне тіркелу басталды

Алматыда  шілде айының 15-ікүні «Арлан Грип Аренада» (Ермесай, 3, 53 үй) бразилиялық   джиу-джитсудан балалар арасында ашық  халықаралық  Arlan Grip Selection kids«Summer Open»  турнирінің жалауы желбірейді. Жарыс кәмелет жастан кіші жеткіншектер  арасында өтеді.

Турнирдің басты мақсаты  елімізде бразилиялық  джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру және үздіктерді  анықтау.

Балалар арасында өтетін турнирге қыздар мен ұлдар қатыса алады. Турнир IBJJF ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері  бойынша өтеді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге  медальдар және дипломдар табысталады.

Салмақты өлшеу рәсімі белдесуінің алдында өткізіледі, ал тіркелген қатысушы салмақ  дәрежесіне   сәйкес келмеген жағдайда – спортшы жарысқа қатысу құқығынан айырылады.

Турнирге қатысу үшін спортшылар мына сайтта www.arlangrip.kz. тіркелуі қажет. Тіркелу маусымныың 15-і басталып,  шілде айының 11-і күні  сағат 17:00-ге дейін жалғасады.

Жарыстың басталуы : 10:00

Өтетін  орын: — «АрланГрип Арена», Ермесай, 3, 53 үй

Сондай-ақ

ҚЫТАЙ ГРАН-ПРИІНЕ ҚАТЫСАТЫН ДЗЮДОШЫЛАР

30 маусым мен 2 шілде аралығында Қытайдың Хохот қаласында дзюдодан кезекті халықаралық Гран При турнирі …