Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ТҮНГІ ВЕЛОШЕРУ ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА ТҮНГІ ВЕЛОШЕРУ ӨТЕДІ

Маусымның 17-і күні «Спорттық Алматы»жобасы аясында алып шаһарда түнгі  велошеру  өтеді.

Велошабандоздар  «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында 20:30 жиналып,  велошеруге қатысушылар ұйымдастырушылардан арнайы нөмір, неондық браслет, яғни білезік алуы тиіс. Ал 21:00-де әуесқойлар Әл-Фараби мен Желтоқсан көшелерінің қиылысынан бастап,  ҚР тұңғыш Президенті саябағына дейін жүретін болады. Жалпы велошеруге қатысушылар 9 шақырым  қашықтықты бағындырады.

Мәреде  велошабандоздар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылып, асығы алшысынаң түскен бір қатысушы велосипед ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен қатар, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатының ескертеді.

Айта кетсек, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудін сегізіншісі болып табылады.

Сондай-ақ

РУСЛАН ҚҰРБАНОВ СЕМСЕРЛЕСУ СПОРТЫНАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Гонконгта семсерлесу спорты бойынша Азия құрлығының чемпионаты өтуде. Ерлер арасындағы жекелей сайыста отандасымыз Рулсан Құрбанов …