Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ЖАМАҒАТТАР АРАСЫНДА ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

АЛМАТЫДА ЖАМАҒАТТАР АРАСЫНДА ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Осы демалыс күндері Алматы қаласында «Асыл мұра» бағдарламасы аясында өтіп жатқан мешітке келуші жамағаттар арасындағы теңбіл доп додасы өтті.

Ақсай, Рахат, Карағайлы және Ибрахим мешіттерінің өкілдері өзара мықтыны аңықтау үшін, топтық кезең арқылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ стадионында бақ сынасты.

Жалпы есепте 18 команда қатысып, үздік үштікке іліккендер белгілі болды. Олар: «Рахим», «Рахат» және «Абдым» (Рахатмешіті), «Қайрат», «Жеңіс» және «Арыстан» (Ақсай), «Абдрахман», «Қайрат» и «Ибрахим» (Ибрахим мешіті), сонымен қатар «United», «Сырғалы» және «Әдлет» (Карағайлы).

Өте тартысты және қызықты өткен кездесулердің қорытындысы бойынша, бірінші орынды иеленген командалар қалалық турнирге жолдама алып, аладғы уақытта өз мешітінің атын қорғамақ.

Айта кетер жайт, «Асыл мұра» бағдарлмасы биылдан бастап жүзеге асырылған болатын. Оның басты мақсаты қалалық мешіттерге келуші жамағаттар арасындағы бұқаралық спортты дамыту болып табылады.

 

Сондай-ақ

«ЭКСПО-2017 КУБОГЫНДА» ОЙНАЙТЫН ӘЛЕМ ЖҰЛДЫЗДАРЫ

«ЭКСПО-2017 кубогында» өнер көрсететін командалардың толық құрамы белгілі болды Әлем құрамасы: Александр Шовковский (Украина), Венсан Кандела …