Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ФУТБОЛДАН «АСЫЛ МҰРА» ЖАРЫСЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА ФУТБОЛДАН «АСЫЛ МҰРА» ЖАРЫСЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТЕДІ

Қарашаның 26-ы күні «Асыл мұра» бағдарламасы аясында футболдан мешітке келуші жамағаттар арасындағы жарыстың финалдық кезеңі өтеді, деп ақпараттық және спорттық Хаб хабарлайды.

«Бағанашыл» спорт кешеніңде өтетін кездесулерге Алматы қаласының барлық ауданың үздік мешіттері қатысады. Олар, Ұлжан (Алатау ауданы), Ақсай (Әуезов ауданы), Төле би (Алмалы ауданы), Бәйкен (Бостандық ауданы), Әмин (Жетісу ауданы), Альмерек (Түрксіб ауданы), Аль-Хамид (Медеу ауданы), Қалқаман (Наурызбай ауданы) мешіттерінің өкілдері.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль және дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болады. Ал, бірінші орын алған командаға 1 млн. теңге сыйақы табысталады.

«Асыл мұра» бағдарламасы мешітке келуші жамағаттар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылған.

Сондай-ақ

ҚАНАТ ИСЛАМ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІН БРИТАНДЫҚ БОКСШЫҒА ҚАРСЫ ӨТКІЗУІ МҮМКІН

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін британдық боксшы Килрейн Келли (23-1, 9 КО) осы салмақта өнер …