Басты бет / Басқа түрлер / ТЕННИСТЕН БАЛАЛАР АРАСЫНДА «ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ» МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ТЕННИСТЕН БАЛАЛАР АРАСЫНДА «ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ» МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Алып шаһардың «ЦСКА» теннис орталығында 12 жасқа дейінгі балалар арасында өткен теннистен «Қазақстан Кубогі» командалық турнирінің финалдық матчтары өтті, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 16 команда 6 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Жарыс айналым бойынша өткізіліп, көп ұпай санын жинаған ұжым жеңімпаз атанды.

Жабылу салтанатына барлық қатысушылар қатысып, дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтарды табыстама сбұрын теннисте Қазақстан Федерациясының Алматы қаласы филиалының директоры Андрей Квасов жеңімпаздарды құттықтап, қатысушыларға алғыс білдірді:

— Құрметті қатысушылар, апта бойы қызықты да тартысты ойындарды көрсетіп, үздіктері екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Керемет командалық ойын, рух күші және де жақсы дайындықтарыңыз елеусіз қалмады. Алматыға келіп, осындай турнирге қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Бүгінгі финалдық матчтар халықаралық жарыстардан кем түспеді. Сіздер келешекте нағыз кәсіпқой теннисшілер болып, ата-аналарыңыз бен бапкерлеріңіздің сенімдерін ақтайтыныңызға еш күмәнім жоқ, — деп атап өтті Андрей Квасов.

Жарыс қорытындысы бойынша, Астана құрамасы жеңіс тұғырынан көрінсе, ОҚО теннисшілері күміспен күптелді. Ал үшінші орын үшін өткен ойында Алматы және Тараз командалары кездесті. Өкінішке қарай, қонақтар алаң иелерін 4:2 есебімен жеңіп, қоланы қанағат тұтты.

Теннис додасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медаль, диплом, сондай-ақ, бағалы сыйлықтар мен ақшалай гранттар берілді: 1 орын — $7,000, 2 орын — $5,000, 3 орын — $3,000.

— Мен өз ұтысыммен отбасыммен және бапкеріммен бөлісемін. Біздің команда барлығын ойсырата ұтып, үздік атанды. Осы бәсекеде бірінші орынды жеңгенімізге аса қуаныштымын. Барлық ұйымдастырушыларға шексіз алғысымды білдіремін. Турнир алдында чемпион атанатынымызға сенімді болдық, міне бүгін бұл белесті де бағындырдық, — деп бөлісті Астана командасының ойыншысы Дана Байдәулет.

Айта кетейік, «Қазақстан Кубогі» бірінші командалық турнирі 2016 жылы Астана қаласында өткен. Турнирдің қорытындысы бойынша, Алматы-1 командасы бірінші орынды иеленсе, Астана-1– екінші, ал Қарағанды облысының командасы – үшінші орынға жайғасқан.

Сондай-ақ

«ИНТЕР» «САМПДОРИЯНЫ» ҰТЫП ИТАЛИЯ БІРІНШІЛІГІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ

Италия біріншілігінің 10-шы кезеңінде «Интер» өз алаңында «Сампдориямен» кездескен еді. Тартысқа толы өткен ойында «Интер» …