Басты бет / Қысқы спорт / ФРИСТАЙЛ МОГУЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

ФРИСТАЙЛ МОГУЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

 

Испанияның Сьерра-Невада таулы аймағында фристайлдан Әлем чемпионаты өтуде.

8 наурыз күні могулшілер сынға түсті. Соңғы Универсиада мен Азиаданың нәтижесін ескере отырып, спортшыларымыздан үлкен үміт күткеніміз рас.

Әйелдер арасында Юлия Галышева 360,00 ұпаймен жетінші орын иеленді. Бұл сында Аустиялық С.Бриттени жеңіске жетті. Тағы бір отандасымыз Амренова Аяулым 24-ші орыннан көрінді. Жалпы әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 33 спортшы бақ сынаған болатын.

Ерлер арасында негізгі үмітті Дмитрий Рейхардқа артқан болатынбыз. Бірақ Дмитрий 18-ші орыннан әрі аса алмады. Павел Колмаков 59 спортшы арасынан 27-ші орын алды, Дмитрий Бармашов болса мәреге жете алмады.

Фристайл спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты 10-шы наурызға дейін жалғасады.

Сондай-ақ

КЕНИЯ МЕМЛЕКЕТІ ХОК-ТАН ШЕТТЕТІЛУІ МҮМКІН

  Халықаралық Олимпиада Комитеті Кения мемлекетін келесі аптада шеттетуі мүмкін. 9 наурыз күні Олимпиада Комитетінің …