Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «ВАЛЕНСИЯ» — «ЮВЕНТУС» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «ВАЛЕНСИЯ» — «ЮВЕНТУС» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

УЕФА Чемпиондар Лигасы 2018-2019 маусымының топтық кезеңінің 1-ші кезеңінде H тобындағы «Валенсия» мен «Ювентус» кездесу өткізеді. Олардан бөлек бұл топтағы «Янг Бойз» бен «Манчестер Юнайтед» клубтары да ойын өткізбек.

«Валенсия» мен «Ювентус» ойыны Валенсия қаласындағы «Месталья» стадионында өтеді. Кездесу 19-шы қыркүйектен 20-шы қыркүйекке қараған түні, Астана уақыты бойынша сағат 00:55-те басталады. Отандық «Qazaqstan» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.

Ойынға германиялық маман маман Феликс Брых өз тобымен төрелік ететін болады.

Айта кетсек, «Ювентуске» бір рекордтың иегері, бұл команда жеті Еурокубок финалында жеңілген.

Ал «Янг Бойз» бен «Манчестер Юнайтед» клубтары арасындағы ойын Берн қаласындағы «Стад де Суисс» стадионында өтеді. Ол ойында 19-шы қыркүйектен 20-шы қыркүйекке қараған түні, Астана уақыты бойынша сағат 00:55-те басталады.

Жалпы H тобындағы екі ойыннан бөлек, 19-шы қыркүйектен 20-шы қыркүйекке қараған түні, Астана уақыты бойынша сағат 00:55-те E және F топтарындағы ойындар өтеді. E тобында «Аякс» — «АЕК» және «Бенфика» — «Бавария» клубтары өз ойындарын өткізсе, F тобындағы «Шахтер» — «Хоффенхайм» және «Манчестер Сити» — «Лион» клубтары 1-ші кезеңдегі ойындарын өткізеді.

Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ТЕННИСШІЛЕРІ БЕЙЖІҢДЕГІ ДОДАҒА ҚАТЫСУДА

Бейжің қаласында жүлде қоры 3,4 миллион долларды құрайтын ашық ішкі чемпионат өтуде. Бүгін жартылай финалға …