Басты бет / Әлем / МИЛАНДЫҚ ДЕРБИДЕ, МАУРО ИКАРДИ ИНТЕРДІ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКІЗДІ

МИЛАНДЫҚ ДЕРБИДЕ, МАУРО ИКАРДИ ИНТЕРДІ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКІЗДІ

Футболдан Италия біріншілігінің 8-ші кезеңінде «Интер» мен «Милан» кездескен еді. Тартысқа толы өткен миландық дербиде Интер 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ойында «Интердің» аргентиналық шабуылшысы Мауро Икарди (28, 63, 90 минуттарда (пенальти)) үш гол соғып, хет-трик жасады. Ал «Милан» командасы қатарынан Сусо (56 минут) мен Джакомо Бонавентура (81 минут) бір-бір голдан соқты.

22 ұпай жинаған «Интер» турнир кестесінде екінші орынға шықты. Ал көш басына 24 ұпаймен «Наполи» орналасқан. «Милан» болса 12 ұпаймен 10-шы орында тұр.

Мауро Икарди, Италия біріншілігі 17/18 маусымының үздік бомбардирлер кестесінде 8 ойында 9 гол соғып, 3-ші орынға шықты. Ал Пауло Дибала (8 ойында 10 гол) мен Чиро Иммобиле (8 ойында 11 гол) сәйкесінше екінші және бірінші орындарда орналасқан.

«Интер» мен «Милан» арасындағы бұл кездесу Италия футболы тарихындағы ең табысты ойын ретінде рекорд жаңартты. Билет сатылымынан түскен қаржы 4,8 миллион еуроны құрады. Осыған дейінгі рекордта «Интерге» тиесілі еді. 2016 жылы «Интер» мен «Ювентус» ойынында билет сатылымынан 3,9 миллион еуро табыс түскен болатын.

 

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …