Басты бет / Мақала / dodasport.kz сайты қазақтілді ең үздік «спорт» сайты атанды!

dodasport.kz сайты қазақтілді ең үздік «спорт» сайты атанды!

 

Астана қаласындағы  «Назарбаев орталығында» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген үздік қазақтілді интернет-сайт байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Спорт тынысы» —  салауатты өмір салты мен спортты насихаттаушы үздік сайт аталымын www.dodasport.kz иеленді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған байқау интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді ресурстарды анықтау мен насихаттауға, ақпараттық ресурстар мен сервистердің саны мен сапасын арттыруға, желі қолданушыларының қызығушылығын ұлғайтуға, ақпарат кеңістігінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге және үздіктердің танымалдылығын көтеруге ықпал етуді мақсат етті.

Байқауға республиканың барлық аймақтарынан 40-тан астам өтінім түскен екен. Сарапқа түскен сайттар 7 аталым бойынша іріктелген. Нәтижесінде:

dodasport.kz сайты «Спорт тынысы»  тақырыбына арналған  үздік сайт аталымы бойынша жеңімпаз болып танылды.

Әрбір номинация бойынша жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының дипломдары мен ақшалай сыйлық тапсырылды.

Байқауға ғаламторда тәжірибесі кемінде бір жылды құрайтын, тек қазақ тілінде ақпарат тарататын үкіметтік емес, тәуелсіз қоғамдық сайттар қатысқан болатын. Қазылар алқасы сайттарды мазмұны, қызмет бағыты, интерактивтілігі, қазақ тілі мен ұлттық құндылықтардың дәріптелуі, патриоттық тақырыптардың үздіксіз көтерілуі, көркемдік жағы, идея ерекшелігі, тартымдылығы секілді талаптар бойынша саралады.

Бұл dodasport.kz сайтының алғашқы жүлдесі. 

 

Сондай-ақ

ЖЕТІМ КӨРСЕҢ ЖЕБЕЙ ЖҮР

  Бүгін Атырау қаласына облыстық спорт басқармасының шақыртуымен кәсіпқой боксшымыз, Олимпиада ойындарының жүлдегері Қанат Ислам …