Басты бет / Басқа түрлер / КІШКЕНТАЙ ШАХМАТШЫЛАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

КІШКЕНТАЙ ШАХМАТШЫЛАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

 

23-30 желтоқсан аралығында шахматтан Батыс Азия елдерінің чемпионаты мәресіне жетті.

Жасөспірімдер арасындағы сайыс Біріккен Араб Әмірліктерінің Аль-Аин қаласында өтті. Турнирге 14 елден 150-ден астам шахматшы қатысты.

Щахматтың блиц түрі бойынша 8 жасар Серікбай Әмина чемпион атанды. Әмина рапидте де жақсы нәтиже көрсетіп, күміс жүлдегер атанды. Классика түрі бойынша ол қола жүлдегер атанды. Сөйтіп, 8 жасар балақай  Батыс Азия елдерінің чемпионатындағы барлық деңгейдегі медальді мойнына тағып шықты.

12 жасар қыздар арасында Серікбай Ақниет классикалық түрде күміс жүлдегер атанды. Осылайша жас шахматшыларымыз жылды жоғары деңгейде қорытындылап отыр.

Сондай-ақ

ТЕННИСШІЛЕР РЕЙТИНГІ ЖАҢАРДЫ

  Кәсіпқой-теннисшілер қауымдастығы рейтингінің жаңа нұсқасы жарияланды. Қазақстандық Михаил Кукушкин үш сатыға көтеріліп, 85-орында тұрақтады. …