Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / «ALASH РRIDE – АСВ» ММА ТУРНИРІНІҢ САЛМАҚ ӨЛШЕУ РӘСІМІ ӨТЕДІ

«ALASH РRIDE – АСВ» ММА ТУРНИРІНІҢ САЛМАҚ ӨЛШЕУ РӘСІМІ ӨТЕДІ

8 ҚЫРКҮЙЕК, 19:00-де, «MЕGA ALMA-ATA» ОСО-ның алдында (Розыбакиев көш. 289) ел тарихындағы ең айтулы ММА турнирі — «ALASH РRIDE – АСВ» қатысушыларының салмақ өлшеу және көз түйістіру рәсімі өтеді.

Қазақстан, Ресей, АҚШ, Бразилия, Литва, Румыния және Тәжікстан сынды елдердің атышулы файтерлері өздерінің ақырғы дайындықтарын көрсетіп, қарсыластарымен алғаш рет бетпе-бет келеді. Кәсіпқой аралас жекпе-жек өнерінің бұл жәрмеңкесі келушінің көңілінен шықпақ!

«ALASH PRIDE – АСВ» — осы күздің ең елеулі ММА турнирі.  Ұйымдастырушылар: «ALASH PRIDE» промоутерлік компаниясы, «АСВ» промоушені және қолдау көрсетуші АЛМАТЫ қаласының Әкімдігі.  9-қырүйекте өтетін кештің басты жекпе-жегі АРМАН «СҰҢҚАР» ОСПАНОВ пен бразилиялық ТЬЯГО «MANCHINHA» ЛУИС СИЛВА арасында.

Арман  кәсіпқой аралас жекпе-жекте сегіз кездесу өткізіп, барлығында  айқын жеңген. Оның қарсыласы ТьягоЛуис Силва (12-5) бразильдік джиу-джитсудан қара белбеу иегері және «Shooto Brasil» ұйымының әлем  чемпионы. Сонымен қатар, Қазақстан атынан «Alash Pride FC» өкілдері – Асылжан Бақытжанұлы, Евгений Егембердиев, Асу Алмабаев, Қаршыға Дәуітбек, Бахтияр Несіпбек пен Игорь Свирид айқасқа түспек.

Сондай-ақ

СҮЙІМБАЕВТЫҢ ГОЛЫ ҮЗДІК-10 ГОЛ ҚАТАРЫНДА

Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағы (УЕФА) 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында асқан шеберлікпен ең …