Осы күнгі архивтер: 21.08.2018

АЗИАДА-2018: АЛМАТ КЕБІСПАЕВ АЗИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

67 келі салмақта Азия ойындарының финалында белдескен Алмат Кебіспаев күміс жүлдегер атанды. Кебіспаев финалда Оңтүстік Корея өкілі Хансю Рюдан бір ұпай айырмашылығымен жеңілді. Есеп — 5:4. Алмат Кебіспаев финалға дейін қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген болатын. Өкінішке қарай, ақтық сында біздің балуанға аздаған сәттілік жетіспей қалды. Бүгін кілемге шыққан 60 келідегі …

толық оқу»

МЕЙРАМБЕК АЙНАҒҰЛОВ ҚАЗАҚСТАНҒА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДАҒЫ 12-ШІ МЕДАЛЬДІ СЫЙЛАДЫ

Грек-рим күресінен 60 келіде сынға түскен Мейрамбек Айнағұлов Азиаданың қола жүлдегері атанды. Қола медаль үшін күресте Айнағұлов Солтүстік Корея спортшысын 13:5 есебімен жеңді. Осылайша, Мейрамбек Қазақстан қоржынына Азия ойындарындағы 12-ші медальді салды. Дереккөз: Olympic.kz

толық оқу»

УЕФА НҰСҚАСЫ БОЙЫНША ӨТКЕН МАУСЫМНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ОЙЫНШЫСЫ АТАНУҒА ҮМІТКЕР ҮШТІК АНЫҚТАЛДЫ

УЕФА-ның ресми сайты, өткен маусымның ең үздік ойыншысы атануға үміткер үштіктің есімін жариялады. Бұл тізімде «Реал Мадрид» жартылай қорғаушысы Лука Модрич, «Ливерпуль» шабуылшысы Мохаммед Салах және «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду бар. УЕФА жеңімпаздарды 30-шы тамыз күні Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне жеребе тарту рәсімінде марапаттайды.

толық оқу»

АЗИАДА-2018: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ АЛҒАШҚЫ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Азия ойындарында су добынан әйелдер командасы арасындағы бәсекелер аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Соңғы матчта Жапония құрамасын 12:11 есебімен жеңген қазақстандықтар Азия ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізді. Қазақстан қыздар командасы 5 кездесудің төртеуінде жеңіске жетті. Алтын медальді барлық матчта қарсыластарынан басым болған қытайлықтар иеленсе, қола жүлде Жапония қыздарына бұйырды. Дереккөз: …

толық оқу»

АЗИАДА-2018: ЭЛЬМИРА СЫЗДЫҚОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Әйелдер күресінен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Эльмира Сыздықова Азия ойындарында үздік үштікке енді. Сыздықова (76 келі) Джакарта кілеміндегі ең алғашқы белдесуінде Қытай қызынан ұтылып қалған еді. Алайда, қола медаль үшін күресте Оңтүстік Корея өкілін 5:2 есебімен жеңіп, жанкүйерлерін қуантты. Дереккөз: Olympic.kz

толық оқу»

САҒАДАТ РАХМАНҚҰЛОВТЫҢ «TOP RANK»-ТЕГІ АЛҒАШҚЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕГІ ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ ЕСІМІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Бірінші жартылай салмақта қолғап түйістіретін қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов (2-0, 1 КО), атақты Боб Арумның «Top Rank Promotions» промоутерлік компаниясындағы алғашқы жекпе-жегіндегі қарсыласының есімі белгілі болды. Отандасымыз 25-ші тамызда АҚШ-та «Top Rank» промоутерлік компаниясы өткізетін бокс кешінде шаршы алаңға көтеріледі. Бокс кеші Глендейл (Аризона штаты, АҚШ) қаласында орналасқан «Gila River …

толық оқу»

АЗИАДА-2018: ТАЭКВОНДОШЫ РУСЛАН ЖАПАРОВ ПЕН ЖАНСЕЛЬ ДЕНИЗ ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА КЕЗЕКТІ МЕДАЛЬДАРДЫ САЛДЫ

Джакарта және Палембанг қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында, таэквондошы жерлестеріміз Руслан Жапаров қола медальді және Жансель Дениз күміс медальді ел қоржынына салды. 80 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғаған таэквондошы Руслан Жапаров жартылай финалда Иран спортшысына 7:11 есебімен жол беріп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанып, Қазақстан қоржынына сегізінші жүлдені салды. …

толық оқу»

АЗИАДА-2018: КИРИЛЛ КАЗАНЦЕВ МАУНТИНБАЙКТАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Қазақстандық Кирилл Казанцев маунтинбайктан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Кросс-кантри категориясында сынға түскен спортшымыз бірнеше айналым бойы бірінші орында келе жатқан. Алайда, мәреге жақын қалғанда Казанцев сыр беріп, қытайлық спортшыларды алдына жіберіп алды. Осылайша, біздің спортшымыз жеңімпаздан 2 минут 32 секундқа кейін қалып, қола жүлдегер атанды. Күміс медаль да Қытай …

толық оқу»

«АСТАНА» — «АПОЭЛ» АРАСЫНДАҒЫ ОЙЫН БИЛЕТТЕРІ ОНЛАЙН САТЫЛЫМҒА ШЫҚТЫ

«Астана» УЕФА Еуропа Лигасы плей-офф кезеңі аясында АПОЭЛ (Кипр) қарсы өз алаңында өткізетін жауапты ойынға билеттер құнын бекітті. Барлық билеттер 3 санатқа бөлінген: 1000 теңге (1 санат), 2000 теңге (2 санат) және 3000 – 5000 теңге (1 санат). УЕФА Еуропа Лигасы плей-офф кезеңі аясындағы «Астана» — АПОЭЛ (Кипр) арасындағы матч …

толық оқу»