Басты бет / Бокс / МЕЙРІМ НҰРСҰЛТАНОВ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

МЕЙРІМ НҰРСҰЛТАНОВ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (7-0, 6 КО) АҚШ-та кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегін өткізді.

Отандасымыз, жартылай ауыр салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалев (32-2-1, 28 КО) пен колумбиялық боксшы Элайдер Альварес (23-0, 11КО) арасындағы кездесуде, Атлантик-Сити қаласындағы (Нью-Джерси штаты, АҚШ) бокс кешінде шаршы алаңға көтерілді.

Мейірімнің қарсыласы доминикандық Хонатан Батиста (17-14, 10 КО) болды. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек, Мейірімнің жеңісімен үшінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды, екінші раундта нокдаун алған Хонатан жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

25 жастағы Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокста сегіз жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті, оның жетеуі уақытынан бұрын аяқталған.

Ал, бокс кешінің басты жекпе-жегінде Альварес жекпе-жектің жетінші раундтында Ковалевты екі рет нокдаунға түсіріп, сосын нокаутқа жіберіп, жартылай ауыр салмақта WBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы белбеуін жеңіп алды.

Сондай-ақ

КИЛЛИАН МБАППЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫНА ОРАЛДЫ

«ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе жаттығуларына қайтып оралды. Француз Instagram-дағы парақшасында, «Алаңға оралдым» — деп …