Басты бет / Бокс / ЖАНҚОШ ТҰРАРОВ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ АТАНДЫ

ЖАНҚОШ ТҰРАРОВ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ АТАНДЫ

Жақында ғана шаңырақ көтерген кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров «Нұр Отан» партиясының мүшесі атанды.
Кәсіпқойда 20 кездесу өткізіп, 14 қарсыласын мерзімінен бұрын сұлатып түсірген былғары қолғап шебері:

«Ассалаумағалейкүм! Қазақ елі! Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қуанышты жаңалықтың иесі атандым. Бүгін Мұхтар Құл-Мұхаммед Абрарұлымен жүздесіп, «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне қабылдандым. Еліміздің көркеюі жолында тер төгіп, қазақстандық спорттың дамуына үлес қоса алуым мен үшін үлкен мәртебе! Аллах Тағала егемендігімізді баянды етсін! Көк байрағымызды əркез биікте көтеру үшін бар күш-жігерімді жұмысайтын боламын!»,- деп ағынан жарылды.

Ильяс СӘРСЕНБАЙ.

Сондай-ақ

ИБРАГИМ ЕСКЕНДІР РЕСЕЙЛІК БОКСШЫНЫ ТІЗЕ БҮКТІРДІ

Танымал қазақстандық әнші Ибрагим Ескендір кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ресей астанасы Мәскеуде өткен …