Басты бет / Допинг / НҰРБАҚЫТ ТЕҢІЗБАЕВ ОЛИМПИАДА КҮМІСІНЕН БАС ТАРТТЫ

НҰРБАҚЫТ ТЕҢІЗБАЕВ ОЛИМПИАДА КҮМІСІНЕН БАС ТАРТТЫ

Қазақ балуаны Нұрбақыт Теңізбаев Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері. Жақында ғана оның қоласы күміске айыр басталуы мүмкін деген жаңалық келді. Бұндай кезде не қуанарыңды, не жыларыңды білмейсің. 8 жылдан кейінгі өзгеріс ерсі көрінері анық.

Балуанымыз әлеметтік желілеріндегі парақшасында бұл туралы өз пікірімен бөлісті:

— «Пекин Олимпиадасы мен үшін спорттық карьерамның шыңы болды. Әрбір спортшы Олимпиада ойындарының жеңімпазы немесе жүлдегері болғысы келетіні анық. Спортта ұзақ уақыт жүріп, ешқашан жеңілдің астымен ауырдың үстімен жүргенді қолдамайтынмын және қолдамаймын да. Қандай медаль болсын оны кілем үстінде жеңіп алғанды қолдаймын. Дәл сол күні, мені Әзірбайжан балуаны Виталий Рагимов ұтқан болатын, Виталийді талантты да мықты балуан ретінде танимын. Сол күні үшінші орын иелену менің маңдайыма жазылған болар, маған өзімнің ұтқан қола медалым аса қымбат. Күміс Виталийге және оның жанұясына тиесілі. Ол медальдың артында көптеген адамның еңбегі жатыр. Күміс сол еңбектің жемісі деп ойлаймын! Сіздердің жылы лебіз және қолдауларыңызға үлкен алғыс айтамын», — деді балуан.

Ия, саны жылғы еңбектің жоққа шығарылуы жанға бататын дүние. Соңғы жайларды ескерсек, допинг табылып медальін қайтарып беріпті деген сөздер Қазақстардың жанына бататыны анық.

Сондай-ақ

БОТСВАНАЛЫҚ БОКСШЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН АЛҒАН ЖАРАҚАТЫНАН КЕЙІН ҚАЗА ТАПТЫ

Ботсвана елінің кәсіпқой боксшысы Герберт Нкабити жекпе-жекте алған жарақатынан қаза тапты. Ауруханада бірнеше күн жатқан …