Басты бет / Басқа түрлер / ФРАНЦИЯ: НИКИТА ФИЛИППОВ СЫРЫҚПЕН СЕКІРУДЕ КҮМІС ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

ФРАНЦИЯ: НИКИТА ФИЛИППОВ СЫРЫҚПЕН СЕКІРУДЕ КҮМІС ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жеңіл атлет Никита Филиппов Францияның Монбельяр қаласында өткен халықаралық турнирде сырықпен секіруден екінші орын алды, — деп хабарлайды Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Бұл қазақстандық жеңіл атлеттің соңғы 15 күн ішіндегі халықаралық арендағы екінші жүлдесі. Ол бұған дейін 19 мамырда Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында 5.50 метрмен чемпион атанған.

Филиппов үшін Монбельярдегі жарыс аса қатты сәтті бола қойған жоқ. Соған қарамастан ол жүлдеге ілікті. Жерлесіміз доданы 5.26 метрмен бастады. Кейіннен екі рет 5.36 метрді бағындыра алмай қойды. Соңғы мүмкідігінде 5.41 метрге талпынып көрген. Бірақ онысынан түк шыққан жоқ. Нәтижесінде 5.26 метрмен екінші орынды қанағат тұтты.

Бас жүлде Украинадан келген Владислав Малыхинге бұйырды – 5.55. Үшінші орынға испаниялық Игорь Бычков тұрақтады.

Айтпақшы, Никита осы жарыста алғаш рет Altay athletics клубының мүшесі ретінде қатысты.

Сондай-ақ

«ASTANA ARLANS» WSB-ДІҢ СЕГІЗІНШІ МАУСЫМЫНЫҢ ФИНАЛЫ ЖАҚЫНДА БОЛАТЫН ХАБАРЛАДЫ

«Astana Arlans» Instagram-дағы парақшасында, бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымының финалы жақында болатынын жариялады. Бүкіләлемдік …