Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Дзюдо / ГАЛБАРДРАХ ОТГОНЦЭЦЭЦГ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

ГАЛБАРДРАХ ОТГОНЦЭЦЭЦГ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Бүгін, 28-тамыз күні Будапештте дзюдодан әлем чемпионаты жалауын көтерді. Байрақты бәсекеде әлемнің 126 елінен 731 дзюдошы бақ сынайтын болады. Қазақстан намысын 18 дзюдошы қорғайды. 

Осыдан бес күн бұрын Универсиада ойындарында қола жүлдегер атанған  Галбадрах Отгонцэцэг тағы да үлкен жетістігімен қуантып отыр. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Отандасымыз бес кездесу өткізді. Алғашқы белдесуінде италиялық Франческо Миланиді, кейін Украиналық Дарья Белодедті, ширек финалда Израилдық Ноа Минскерді тізе бүктірді.

Өкіншке орай, жартылай финалда жапон Фуне Тонакиден жеңіліп қалды. Дегенмен, қола медаль үшін тарыста барын салып ресейлік Ирина Долгованы жеңді.

Бүгін жарыс жолына шыққан Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатын 5-орынмен аяқтады.

Сондай-ақ

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН СПОРТШЫЛАР

18-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта мен Палембанг қалаларында 42 спорт түрінен өтетін …