Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ КІМ ӨТЕДІ?

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ КІМ ӨТЕДІ?

Жанкүйерлер асыға күткен Чемпиондар лигасы да келіп жетті. Кәрі құрлықтың мықтысын анықтайтын футбол турнирі біз сүйетін ойындар мен біз сағынған таңғажайып эмоцияларды беруге дайын.

Бірер сағаттан кейін Чемпиондар ойнайтын лига басталады. Бүгінгі жұптар, яғни ЧЛ-дің 1/8 финалдық ойындарында кездесетіндер «Базель-Манчестер Сити», «Ювентус-Тоттенхэм». Енді, Чемпиондар Лигасының 1/4 финалдық ойындарының кезеңіне кім өтеді екен? Бірге талқылайық!

Картинки по запросу лига чемпионов

«Базель-Манчестер Сити»

«Санкт-Якоб Парк» стадионында «Базель» ағылшын премьер-лигасының болашақ чемпиондары «Манчестер Ситиді» қабылдайтын болады. Жеңіліс ауылынан алыс болған Гвардиоланың командасы Щвецарияның «Базельімен» ойын турасы шешіліп тұрған секілді. Осы маусымда «Манчестер Ситиді» тек Клопптың «Ливерпульі»  мықты прессингі мен азулы қарымта шабуылымен тоқтатты. Келесі кезеңге өту үшін щвецариялық командаға осы стильмен ойнау керек. Ал, біз білетіндей германдық бапкер стильін қайталау үшін «Базель» құрамындағы ойыншылардың шеберлігі жетіспейді. Одан басқа, «ситиліктердің» басты жұлдызы Кевин де Брюйне бабында. Бұл дегеніміз, «Базель» қорғаушыларына 2 есе қиын болады деген сөз. Жалпы, ағылшындық клуб ойыншыларының кейбірінде ауыр жарақат болғанымен шабуылда сол баяғы жойқын күштері сақталған. Қортындылай келе 2 ойын қортындысы бойынша Чемпиондар Лигасының келесі кезеңіне 95%  cеніммен Пептің «Ситиі» өтеді. Ал, «Базельдің» өтуін 5%-ға бағалаймын.

Картинки по запросу базель манчестер сити

«Ювентус-Тоттенхэм»

Чемпиондар Лигасы жұптарының ішіндегі ең қызықты жұптардың бірі. «Кәрі сеньора» өткен жылдың 19 қарашасынан бері жеңілмеген. Одан бері тек 2 ойында, нақтырақ «Барселона» және «Интерге» қарсы тең нәтиже көрсеткен. Ал, «Тоттенхэмде» керісінше қараша мен желтоқсан айлары қиындықтармен өтті. Қазір, ағылшындық клуб бабына келіп, соңғы 2 ай көлемінде жеңіліс дәмін татпады. Аллегри командасы қорғаныста таза әрі тамаша ойнайды. Біз білетін «Тоттенхэмнің» азулы шабуылына қарсы Аллерги жігіттері қорғаныс арқылы ойнайтыны анық. Шабуыл шебінің шебері Кейн бастаған бір топ жігіттер әрине келесі кезеңге өту үшін барын салары анық. АПЛ-дың алыптарына қарсы қалай ойнауға болатынын үйренген Поччетино шәкірттеріне, италияндық алыпқа қарсы ойнау қиынға түспейді деп есептеймін. «Ювентус» қатарында бірнеше мәселелер қылтиып шығып тұр. Команда лидерлері Дибала мен Куадрадо жарақаты. «Тоттенхэм» сапында да бәрі мәз емес. Аты айтуға қиын тас қамал қорғауша Тобидің жоқтығы «лондондықтар» үшін біраз қиындық келтіретіні анық. Үлкен тәжірбие мен қорғаныс тактикасына қарсы жастық пен күш жігердің қарсы тұруын көретін боламыз. Енді, басты сұраққа келетін болсақ, келесі кезеңге өту мүмкіндігін «Тоттенхэмде» 55%-ға, Ювентусті 45% -ға бағалаймын. Менің болжамым бойынша келесі кезеңге Почеттино шәкірттері аз ғана басымдылықпен өтуі тиіс. Ал, сіздер қалай ойлайсыздар достар?

Картинки по запросу ювентус тоттенхэм

Сондай-ақ

ГОЛОВКИННІҢ ҚАРСЫЛАСЫ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 5 мамырда 39-шы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы — америкалық Ванес Мартиросян. Vesti.kz спортшының өмірі …