Басты бет / Велоспорт / СЕРГЕЙ ДАННИКЕР: «VINO-ASTANA MOTOTRS» ДАМЫП КЕЛЕ ЖАТЫР

СЕРГЕЙ ДАННИКЕР: «VINO-ASTANA MOTOTRS» ДАМЫП КЕЛЕ ЖАТЫР

Велоспорттан Малайзия туры (Tour Of Langkawi) аяқталды. Қазақстандық «Vino-Astana motors» жалпы есепте Азия үздігі атанды. Осы орайда «Dodasport» тілшісі команда менеджері Сергей Данникерден сұхбат алған еді.

— Маусымдағы алғашқы жарыстарыңыз аяқталды. Жігіттердің нәтижесін қай деңгейде бағалайсыз?

Негізінен нәтижеге ризамын. Себебі, жігіттер мықты деңгейде дайындала алмады. Оған біздың жақтың ауа-райы да мүмкіндік бермейді. Шамамен 40 градустай айырмашылыққа бірден ауысып, жақсы нәтиже көрсету өте қиын. Оның үстіне маусымдағы алғашқы үлкен жарыс болғандықтан организмге де қиындық әкеледі. Алғашқы алты кезеңде команда капитаны Евгений Гидич үздік ондықта болды. Тіпті жарыстағы ең үздік азиялық спортшы киетін ақ жейдені киіп жүрді. Дегемен оны Бахрейнде өтіп жатқан Азия чемпионатына шақыртып алды. Барлық этапта үздік нәтиже көрсетіп жүрдік. Команда дамып келе жатыр. Әлі де болса жұмыс жасауды тоқтатпаймыз, келесі жарыстарда нәтиже тек үздік болады деп ойлаймыз. Бұл біздің елдегі екінші велокоманда болғандықтан барынша жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз.   

— Бұдан да жоғары нәтиже көрсету үшін не жетіспеді?

Бұдан да жақсы нәтиже көрсету үшін таулы кезең жетіспей қалды. Бұл жерге мықты командалар келген. Олар осы маусымда бірнеше жарысқа қатысқан, сондықтан дайындықтары жақсы болды. Ал бұл біздің бірінші жарыс болғандықтан бірінші орынға таласу мүмкін емес болды. Сондықтан ендігі жарыстарда барымызды саламыз. 

— Команданың алдағы жоспары қандай?

Қазақстанға барған соң бірнеше республикалық турнирлерге қатысамыз. Одан кейін наурыздың соңында Таразда өтетін Қазақстан чемпионатына қатысамыз. Ал сәуір айының басында екінші халықаралық жарысқа қатысу үшін Тайландқа аттанамыз. 

Естеріңзіге сала кетейік, Малайзияда өткен «Tour Of Langkawi» жарысында «Vino-Astana motors» жалпы есепте азиялық командалардың арасында бірінші орын алды.

 

Сондай-ақ

СТАНИМИР СТОИЛОВ: «БҰНДАЙ АЛАҢДА ФУТБОЛ ОЙНАУҒА БОЛМАЙДЫ»

  «Ордабасы» — «Астана» ойынынан соң баспасөз маслихаты өткен болатын. Бас бапкер Станимир Стоиловтың пікірі: -«Ордабасы» …