Басты бет / Қысқы спорт / ШОРТ-ТРЕКШІЛЕР ІРІКТЕУДЕН СҮРІНБЕЙ ӨТТІ

ШОРТ-ТРЕКШІЛЕР ІРІКТЕУДЕН СҮРІНБЕЙ ӨТТІ

 

Беларусь астанасы Минск қаласында шорт-трек спортынан әлем кубогының соңғы алтыншы кезеңі өтуде.

10-шы ақпан күні іріктеу сайыстары өтті. Алғашқы күні ерлер мен әйелдер 1000 м, 1500м, 500м, 1000(2) м және эстафета сайыстары бойынша іріктеуде бақ сынады.

Қазақстанның қашықтығы саналатын 500 метрге қатысқан үш спортшымыз да финалдық кезеңдерге жолдама алды. Өз тобында Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша және Айдар Бекжановтар үздік шығып, жалпы есепте көш басында келеді.

1000 метрде де үш бірдей спортшымыз (Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжіғалиев, Дениз Никиша) жүлдеге таласатын болады.

Өкінішке орай 1500 метрде спортшыларымыз іріктеуден өте алмады. Бұл сынға ұлттық құрама бапкерлері жастарды қосуды жөн санапты. Одан бөлек ерлер құрамасы эстафетада іріктеуден сәтті өтті.

Қыздарымыз жоғарыда аталған қашықтықтар арасынан тек 1000 метрде ғана жақсы нәтиже көрсете алды. Крестова Анастасия мен Ким Йонг А келесі кезеңге өтті. Эстафетада құрамамыз өз тобында үшінші орын алып, келесі кезеңге шыға алмады.

Минск мұз айдынындағы бәсекелер үш күнге жоспарланған.

Сондай-ақ

ҚОС ДЗЮДОШЫМЫЗ ГРАН-ПРИ ТУРНИРІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Тунисте дзюдо күресінен әлемдік Гран При турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде 4 қазақстандық дзюдошы ел …