Басты бет / Бокс / АЛИ АХМЕДОВ — КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ ЖАҢА ЕСІМ

АЛИ АХМЕДОВ — КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ ЖАҢА ЕСІМ

 

Геннадий Головкин, Қанат Ислам, Василий Жиров, Жанат Жақиянов секілді кәсіпқой бокс майталмандары шыққан қазақ елі талантты боксшыларға кенде емес. Жақында ғана қазақ кәсіпқой бокс тарихына жаңа есім қосылды. Ол — 21 жасар Ахмедов Али. 

Али Ахмедовтың кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі 14-ші мамыр күні Астана қаласында өткен болатын. Беларусь Крапшило Сергейге (4-12-2) қарсы өткен кездесу 1 раундта-ақ отандасымыздың пайдасына шешілді.

12 шілде күні Беларусияның Борисов қаласында боксшымыздың екінші кездесуі жергілікті боксшы Руслан Родовичке (14-17-0) қарсы өтті. Бұл жолы Алиге жеңіске жету үшін 3 раунд жеткілікті болды. Араға төрт күн салып осы жерде тағы бір бокс кеші өтті. Ринг қожайыны Вадзим Палеевке (1-0-0) қарсы кездесудің тағдыры 1-ші раундта шешілді. Али өзінің жойқын соққысымен қарсыласын сылқ құлатты.

Кәсіпқой бокста 3 кездесу өткізіп, барлығын нокаудпен жеңген Али Ахмедов 1995 жылы 16 шілде күні дүниеге келген. Қазір»Diamond Ring» компаниясымен келісім шартқа отырған. Әуесқой бокста жеткен жетістіктері жетерлік. «Астана арландары» командасының құрамында сынға түскен. Ол соңғы рет студенттер арасындағы Азия ойындарында жеңіске жеткен соң кәсіпқой боксқа түбегейлі ауысатынын мәлімдеген болатын.

 

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮШ БОКСШЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІНІҢ УАҚЫТТАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Қазақстандық боксшылар Батыр Жүкембаев (13-0, 11 КО), Нұрзат Сабыров (7-0, 6 КО) және Садриддин Ахмедовтың …